Жаңалықтарға жазылу керек па?

Сіз сәтті жазылдыңыз!

ТОО «ратиофарм Казахстан»
Тел : + 7 (727) 325 16 15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
тел.: +7 (727) 325-16-15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com

Teva Қазақстанда

Teva Қазақстанда штаб-пәтері Израильде орналасқан Teva Pharmaceutical Industries Ltd компаниясының еншілес компаниясы  ТОО «ратиофарм Казахстан» болып ұсынылған.  Teva Pharmaceutical Industries Ltd күн сайын әлемнің 60 елі бойынша емделуге мұқтаж 200 миллионнан астам науқас адамдар үшін жоғары сапалы, науқастың сұранысына негізделген шешімдерді ұсынып жатыр. Teva Қазақстан әр қазақстандықтың өмірінің әрбір кезеңінде  жоғары сапалы препараттарға қол жетімділігін кеңейту үшін жұмысын атқарып жатыр.

Teva  Қазақстанның нарығында 20 жыл болуы ішінде өзінің бас мақсаты -  науқастардың денсаулығын, қауіпсіздігін және өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін қызмет етіп келе жатыр.

Қазақстандағы Teva мерейтойына арналған Жайылған Склероз науқастарын қолдау үшін ақпараттық портал іске қосылды. Сонымен қатар Teva жұмысын атқару уақыты кезінде  Паркинсон ауруы менен Жайылған Склероз ауруын емдеуге арналған инновациялық дәрілік заттарын Қазақстан нарығына шығарып шықты.

Teva дәрілік заттарды этикалық түрде насихаттау бойынша үкіметпен диалогқа белсене қатысады.

Қосымша ақпарат алу үшін www.tevapharm.com сайтына кіріңіз.

*Actavis және ratiopharm Teva компаниялар тобына кіреді.


Біздің мақсатымыз бен құндылықтарымыз

БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ – АДАМДАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫТҚА БӨЛЕУ.

Біздің мақсатымыз ауру тұрғысынан ғана емес, денсаулық тұрғысынан да адамдарға деген жаңаша көзқарасты ашады. Біз науқас жандардың айығып кетуіне көмектесіп қана қоймай, дені сау адамдардың денсаулығын сақтауына көмектесеміз. Денсаулық сақтау жүйесін барлық деңгейлерде жер-жерлерде дамытуды басты міндетіміз деп санаймыз және пациенттеріміз, клиенттеріміз, серіктестерімізді қоса алғанда, барынша көп мөлшердегі адамдардың өзін жақсы сезінетіндей жағдай жасауға тырысамыз.

Біздің құндылықтарымыз кім екенімізді айқындап береді. Олар компания ретінде сенетін дүниемізді көрсетеді және біздің жақсы сапаларымызды байқатады. Жұмыс кезінде оны басшылыққа аламыз:

_______________________________

БІРЛІК БОЛСА, НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ.

Біз әрекеттерді бағалаймыз. Біз жасаушылармыз. Қиын міндеттерді шешкен және жұмысты дәл уақытында орындаған біз үшін қызықты. Мүмкін емес дүниеге қол жеткізу үшін ресурстарды жұмылдыру қабілеті бойымыздан табылатынын мақтан тұтамыз.

_______________________________

МАҢЫЗДЫ ЖЕРДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДАН КЕЛУ.

Біз көптеген дүниелерді жақсырақ, жылдамырақ, қолжетімдірек етуді қалаймыз. Керемет нәтижелерге қол жеткізуге құштармыз. Жаңа мүмкіндіктер ашылған тұстарда шығармашылықты барынша көрсеткіміз келеді. Заңнама нормаларын сақтау, өніміміздің қауіпсіздігі және сапасы жайлы сөз болғанда шығармашылық тәсілді қолданбаймыз. Бірақ үнемі қызметті жетілдірудің қайталанбас әрі оңтайлы тәсілдерін іздеп, бұрыннан бар және болашақта кездесер кедергілерді жеңіп шығу үшін шешімдер табамыз.

_______________________________

БЕЙ-ЖАЙ ҚАЛА АЛМАЙМЫЗ.

Ешқашан ештеңеге бей-жай қарай алмаймыз және бұл біз үшін іргелі құндылық болып табылады. Пациенттер мен олардың отбасыларының қамын ойлаймыз. Күн сайын адамдардың жақсы сезімде болуына көмектесетін дәрігерлер мен медбикелердің қамын ойлаймыз. Денсаулық сақтау қызметтерінің үзіліссіз және мұқтаж етіп жүргендердің барлығына қолжетімді болуын қалаймыз. Біз үшін бәріміз өмір сүріп жатқан қоғам мен планетамыздың амандығы маңызды. Әрине, күллі дүниежүзіне таралған қызметкерлеріміздің де қамын ойлаймыз.

_______________________________

ТУЫСТАРЫМЫЗ БІЗДІ МАҚТАН ЕТЕДІ.

Біз адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертіп жүргенімізді мақтан етеміз. Біз қоғамның игілігі тікелей тәуелді болатын салада жұмыс жасап жүргенімізбен мақтанамыз. Біздің міндет – осы миссияны жалғастыру және аса жоғары этикалық және моральдық нормаларды сақтау арқылы жұмыс істеу. Ал кешке үйге келіп, туыстарымызға не істегенімізді және қандай шешімдер қабылдағанымызды айтып жатқанда олардың бізді және Teva компаниясын мақтан етіп жүретініне сенімдіміз.

_______________________________

ЖОЛ САЛАМЫЗ.

Біздің ұстаным – жеңіп шығу және барлық жерде бірінші болу. Біз көшбасшы болуды және саламыздағы тенденцияларды айқындауды ұнатамыз. Батылдық пен кәсіпкерлік рухты бағалаймыз. Ашық болудан: зерттеуден, сұрақтар қойып, күтпеген жерлерде мүмкіндіктерді айқындаудан және олары пайдаланудан қорықпаймыз. Бізді Teva компаниясы етіп жүрген – жеңімпаздардың ой-өрісі.