Жаңалықтарға жазылу керек па?

Сіз сәтті жазылдыңыз!

ТОО «ратиофарм Казахстан»
Тел : + 7 (727) 325 16 15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
тел.: +7 (727) 325-16-15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
Артқа
Эфизол
Инструкции
Картадағы дәріханалар
Бейне баян

Инструкции

6 жастан асқан балаларға

Саудалық атауы

Эфизол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 0,25 мг деквалин хлориді, 30 мг аскорбин қышқылы

қосымша заттар: глюкоза моногидраты, натрий сахарині, пектин, ванилин, сахароза, какао ұнтағы, лактоза моногидраты, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жағынан ойылған және бір жағы кертілген қоңыр түсті, какао мен ванилиннің иісі бар, диаметрі 13.0 мм-ге жуық таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТХ коды R02AA02

Фармакологиялық қасиеттер

Фармакокинетикасы

Препарат тез сіңеді, диффузия арқылы бауыр, өкпе, бүйрек арқылы таралады, ішек және бүйрек арқылы шығарылады. Шығарылуы несеппен және нәжіспен әрі ұзақ жүреді.     

Фармакодинамикасы

Эфизол ауыз қуысы мен тамақтың қабыну үдерістерін емдеу үшін пайдаланғанда, айқын жергілікті антисептикалық, бактерияға қарсы және зеңге қарсы әсері бар біріктірілген препарат болып табылады.

Грамоң және грамтеріс қатардағы микроорганизмдерге, оның ішінде антибиотиктерге сезімтал штаммдарға негізінен бактериостатикалық (кейбір мәліметтер бойынша бактерицидтік) әсер көрсетеді. Препарат рН сілтілі мәнінде (ауыз қуысының ортасына сәйкес) және температура 37 ºС болғанда тиімді.

Деквалин хлориді квинолиндер тобының жергілікті антисептигі болып табылады. Ол антисептикалық және бактерияларға қарсы әсері бар бистөрттік квинолин болып табылады.

Деквалин хлоридіантисептикалық – негізінен, жергілікті әсер көрсетеді; бактерияларға қарсы әсері – ең бастысы грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге, негізінен шірітетін қоздырғыштарға және антибиотиктерге төзімді штаммдарға (пиогенді стрептококктар, Borrelia және т.б.) қатысты болады; зеңге қарсы әсері – негізінен Candida albicans,  Trichophyton және эпидермофиттердің кейбір түрлеріне қарсы. Mycobacterium-ге қатысты белсенді емес.  

Белсенді бактерияларға қарсы механизмге еріту және деполимеризация арқылы ақуыздар мен ферменттердің денатурациясы, сондай-ақ дегидрогеназалардың гликолизі мен инактивациясы кіреді; бастапқыда әсері қайтымды, әйтседе, қоздырғыштармен ұзақ уақыт қатынаста болуы олардың белсенділігін  қайтарымсыз жояды; ақуыздар синтезінің рибосомалар деңгейінде бұзылуы; жасушалық жарғақшалар цитолизі. Оның бактериостатикалық әсері негізінде беткейлік белсенді катиондық әсер жатады, және бұл грамтеріске қарағанда грамоң микроорганизмдерде айқынырақ көрінеді.

Аскорбин қышқылы жасушаішілік тотығу және тотықсыздану үрдістеріне әсер етеді; спецификалық бактерияларға қарсы антитоксиндердің синтезін ұлғайтады және ретикулоэндотелийдің функциясын жақсартады; шекаралық жарғақшалардың өткізгіштігін азайтады, қылтамырлар қабырғаларын нығайтады және қатайтады, экссудативті, қабыну және аллергиялық реакцияларды шектейді.

Эфизолға төзімділік ұзақ уақыт қолданғанда дамиды (15 – 20 күннен астам).  Ол пенициллин, стрептомицин және сульфонамидке төзімді микроорганизмдерге қатысты тиімді.

Қолданылуы

  • препаратқа сезімтал қоздырғыштар туғызған ауыз қуысы мен тамақтағы қабыну үдерістерінде: катаральді, ойық-жаралы гингивит, афтозды стоматит, глоссит, ауыз қуысының шырышты қабығының кандидозы, фарингит, тонзиллит, ларингит
  • ауыз қуысына және тамаққа жасалған операциялық араласуларға дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі инфекцияның профилактикасында
  • антибиотиктермен немесе сульфонамидтермен қосып, ауыз қуысы мен жұтқыншақтағы инфекциялық үрдістерді кешенді емдеуде.

Қолдану  тәсілі  мен дозалары

Ересектерге ұсынылатын дозалар.  Әр 2-3 сағат сайын сору үшін бір таблеткадан қолданады (тәулігіне 8  - 10 таблеткадан аспайды).

6 жастан асқан балаларға әр 2-3 сағат сайын сору үшін бір таблеткадан қолданады (тәулігіне 4-6 таблеткадан аспайды).

Таблеткаларды шайнамайды. Препаратты қабылдаған соң, пациент жарты сағат бойы тамақтанбауы және су ішпеуі тиіс.

Клиникалық симптомдары жойылған соң, емдеуді 1-2 күн бойы жалғастыру ұсынылады. Емдеу курсы дисбактериоздың даму қаупіне байланысты 5 – 7 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз  әсерлері

Сирек

  • жүрек айнуы

Өте сирек

  • аллергиялық реакциялар: ашыту және тітіркендіруді сезіну, ауыз қуысының құрғауы
  • дисбактериоз (ұзақ қолданған кезде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • лактозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактозаның мальабсорбциясы синдромы
  • 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара  әрекеттесуі

Каексалатпен (гиперкалиемияны емдеуге арналған препарат) бірге қабылдағанда тері мен шырышты қабықта, әсіресе асқазан-ішек жолында ауыр некроздық зақымданулар дамуы мүмкін.               

Айрықша нұсқаулар

Препаратта ауыруды басатын компоненттің жоқ болуына байланысты оны айқын аурумен қатар жүретін қабыну үдерістерінде қолданбау керек.

Жергілікті қолдануға арналған басқа препараттармен бір мезгілде сақтықпен және  емдеуші дәрігердің бағалауынан кейін қолданған жөн.

Қант құрамының төмен болуына қарамай, препаратты қант диабеті бар пациенттерге аса сақтықпен қолдану керек.

Инфекция таралуының клиникалық симптомдары болған жағдайда, дәрігердің кеңесі қажет.

Әлдебір жағымсыз реакциялар пайда болғанда, Эфизолды қабылдауды тоқтатып, басқа ем тағайындау керек. 

Препаратпен емдеу нәтижелері болмаған жағдайда, дәрігермен кеңесу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Осы кезеңге дейін Эфизолдың жүктілікке әсеріне қатысты қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректер жоқ.

Эфизолды емшек емізу кезеңінде ұсынылған дозаларда және сақтықпен қолдануға болады.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері              

Препарат көлікті жүргізу және техникамен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық  дозалануы

Эфизолмен артық дозалану жөнінде деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПВДХ мөлдір түрлі-түсті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 20 таблеткадан.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге 1 пішінді  ұяшықты қаптамадан картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Балканфарма-Разград АД», Болгария

Тіркеу куәлігінің иесі

«Балканфарма-Дупница АД», Болгария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы 

Алматы қаласындағы Актавис Интернешнл Лтд өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Мұқанов к-сі, 241-1А.

Тел./факс: 8 (727) 313 74 30, 313 74 31;

Электронды поштасы: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com

Жаналыктар

Картадағы дәріханалар

Бейне баян

NPS-KZ-00089