Жаңалықтарға жазылу керек па?

Сіз сәтті жазылдыңыз!

ТОО «ратиофарм Казахстан»
Тел : + 7 (727) 325 16 15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
тел.: +7 (727) 325-16-15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
Артқа
ЙОКС
Спрей
ЙОКС
Жергілікті қолдануға арналған 50 мл ерітінді
Инструкции
Картадағы дәріханалар
Бейне баян

Инструкции

Ересектер және 8 жастан асқан балалар

Саудалық атауы

ЙОКС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Спрей

Құрамы

30 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар:  0.085 г повидон йод, 0.001 г аллантоин,

қосымша заттар: левоментол, лимон қышқылының моногидраты, натрий цитраты дигидраты, 96% этил спирті, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сипаттамасы

Сумен араласуы шектеусіз, аздап бозаңданатын қызыл-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТХ коды R02AA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Повидон-йодын зақымданбаған теріге және шырышты қабыққа  жергілікті қолдану кезінде йодтың сіңірілуі өте төмен. Йод организмде йодидке айналады, ол негізінен қалқанша безде жинақталады. Қалқанша безімен қамтылмаған йодидтер негізінен несеппен, аздаған мөлшері – нәжіспен, сілекеймен, термен бөлінеді. Олар плацентарлық бөгет  арқылы өтеді және ана сүтіне енеді.

Фармакодинамикасы

Повидон-йод терімен және мукозды жарғақшалармен жанасқан кезде органикалық йод босап шығады, ол бактерияларға, зеңдерге, вирустарға, қарапайымдыларға қатысты микробқа қарсы кең ауқымды әсерге ие. Препараттың  құрамында, сондай-ақ  қабынуға қарсы әсер ететін аллантоин бар.

Қолданылуы

  • баспада, фарингитте, тонзилофаренгитте, тонзилитте, глосситте, афтозды стоматитте
  • емделушіні тыныс алу жолдары мен ауыз қуысының  хирургиялық араласуына даярлау кезінде және операциядан кейінгі кезеңде
  • химиотерапия кезінде туындаған оральді жұқпаларды емдеу үшін
  • стрептококкты баспада антибиотиктермен емдеу кезінде қосымша ем ретінде қолданылады
  • тұмаудың басталар кезіндегі ауырғанды сезінуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 8 жастан асқан балалар.

Қорғаушы қалпақшаны алып, аппликаторды қондыру керек. Шашыратқышқа ерітіндінің жетуі және басқаннан кейін бүркуі үшін аппликаторды 2-3 рет басу керек. Содан соң аппликатор түтігін ауыз қуысына 2-3 см енгізіп, тыныс алуды тоқтата тұрып, бір бүрку оңға, екіншісі солға жасалатындай етіп қалпақшаны 1-3 рет басу керек. Йокс спрейі препаратын жұтқыншақ және ауыз қуысында оңға және солға бір бүрке отырып, күніне 2-4 рет пайдалану ұсынылады.  Препараттың жекелеген аппликацияларының аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Қажет болған жағдайда препаратты  жиірек қолдануға болады.  

Бүркілген препаратпен дем алуға және оны жұтуға болмайды!

Препаратты  тәулігіне көп дегенде 6 рет қолдануға болады, емдеу курсы 5-7 күн.

Аппликаторды қолданардың алдында және қолданғаннан кейін ыстық сумен шаю қажет.

Жағымсыз әсерлері

  • йодқа аллергиялық реакция (қышыма, гиперемия, есекжем)
  • сирек: аппликация жасалған жерде шымылдатуды немесе ауыз қуысының құрғауын сезіну
  • йодизм белгілері (ұзақ уақыт қолданғанда): ауыздағы металл дәмі, сілекейдіңкөп бөлінуі, көздің немесе жұтқыншақтың ісінуі, өкпе ісінуі, тері бөртпесі және асқазан-ішектің бұзылулары.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • йодқа немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • қалқанша без гиперфункциясы
  • қалпына келмейтін жүрек жеткіліксіздігі
  • жүктілік және емшек емізу кезеңі
  • 8 жасқа дейінгі балалар
  • радиоактивті йодты бір мезгілде қолдану
  • Дюринг герпес тәрізді дерматиті

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Йокс препаратын ауыз қуысы мен жұтқыншақта жергілікті қолдануға арналған басқа да антисептикалық дәрілермен бір мезгілде қолданбаған дұрыс.

Айрықша нұсқаулар

Ларингит кезінде препаратты өте қажет жағдайда ғана қолдану керек. Бауыр жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге  препаратты сақтықпен қолданады, ондай науқастарда трансаминазалар деңгейі жоғарылауы мүмкін, сондықтан қан плазмасындағы трансаминаза көрсеткіштерін бақылау қажет.

Препарат кұрамында 18,6% этанол бар.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: ауызда металл дәмін сезіну, құсу, асқазан тұсының ауыруы және диарея.  1-2 күн бойы анурия, асфиксияға апаратын дыбыс шығару саңылауының ісінуі, аспирациялық пневмония немесе өкпенің ісінуі пайда болуы мүмкін.  Кейбір жағдайларда тамыр жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.

Емі:  симптоматикалық ем жүргізіледі. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Спрей. 30 мл препараттан механикалық шашыратқыш және шашыратқышты қорғайтын қақпақпен жабдықталған пластмасса құтыда. Әр құты аппликатор және  медицинада қолданылуы жөніндегі  мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау  шарттары

25°С- ден аспайтан температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.  

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Тева Чех Өндірістері с.р.о.»,  Остравска 29, 74779 Опава- Комаров, Чех Республикасы.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Тева Чех Өндірістері с.р.о.», Чех Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның  мекенжайы: 

«Тева Чех Индастриз сро.» компаниясының ҚР-дағы өкілдігі

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 13,

Нұрлы тау бизнес орталығы 1в  305, 306 кеңсе

Телефон, факс (727) 311-10-66; 311-10-68

Жаналыктар

Картадағы дәріханалар

Бейне баян

Инструкции
Картадағы дәріханалар
Бейне баян

Инструкции

Ересектер және 6 жастан асқан балалар

Саудалық атауы

ЙОКС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған 50 мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар – 0,085 г повидон йодинат, 0,001 г аллантоин,

қосымша заттар: левоментол, лимон қышқылының моногидраты, натрий цитраты дигидраты, 96% этил спирті, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сипаттамасы

Сумен араласуы шектеусіз, аздап бозаңданатын қызыл-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТХ коды R02AA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Повидон-йодын зақымданбаған теріге және шырышты қабыққа  жергілікті қолдану кезінде йодтың сіңірілуі өте төмен. Йод организмде йодидке айналады, ол негізінен қалқанша безде жинақталады. Қалқанша безімен қамтылмаған йодидтер негізінен несеппен, аздаған мөлшері – нәжіспен, сілекеймен, термен бөлінеді. Олар плацентарлық бөгет  арқылы өтеді және ана сүтіне енеді.

Фармакодинамикасы

Повидон-йод терімен және шырышты қабықпен жанасқан кезде микробқа қарсы кең ауқымды әсерге ие органикалық йод босап шығады. Сондай-ақ препараттың құрамында қабынуға қарсы әсер ететін аллантоин бар. Йодтың зарарсыздандыратын әсері микроорганизмдер протеиндеріне тікелей әсерінің нәтижесі болып табылады.

Қолданылуы

  • қабыну және жұқпалы аурулары, баспа, фарингиттер, тонзилофарингит, тонзиллит, глоссит, афта кезінде  ауыз қуысы мен жұтқыншақты зарарсыздандыруда
  • тыныс алу жолдарына және ауыз қуысына  хирургиялық араласулар кезінде: емделушіні хирургиялық араласуға даярлау кезінде және операциядан кейінгі кезеңде
  • химиотерапия кезінде туындаған ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпаларын емдеу үшін
  • стрептококкты баспаның бактерияға қарсы емі кезінде қосымша дәрілер ретінде
  • тұмаудың басталар кезіндегі ауырғанды сезінуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 6 жастан асқан балалар

Шаюды әдетте күніне 2-4 рет жүргізеді, ең көбі күніне 6 рет.

Препарат ерітіндісін шамасы 18ºС ауыз сумен 1:20-1:40 арақатынаста (100 мл суға қаптамасына салынған өлшеуіш қалпақшаның көмегімен 2,5-5 мл немесе ½-1 шай қасық ерітінді) сұйылту қажет. Сұйылтылған ерітіндімен ауыз қуысын немесе жұтқыншақты шаю керек. Шаюдың ең аз деген аралығы 4 сағат. Ерітіндіні жұтуға болмайды!

Емдеу курсы әдетте 5-7 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

  • препаратқа жоғары сезімталдық реакциялары
  • йодқа аллергиялық реакция (қышыну, гиперемия, есекжем)
  • сирек, аппликация жасалған жерде қысқа уақыт шымылдатуды немесе ауыз қуысының құрғауын сезіну

Препаратты ұзақ уақыт қолдану йодизм белгілерін туғызуы мүмкін (ауыздағы металл дәмі, сілекейдің көп бөлінуі, көздің немесе жұтқыншақтың ісінуі және т.с.с.).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • йодқа немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • қалқанша без гиперфункциясы
  • қалпына келмейтін жүрек жеткіліксіздігі
  • жүктілік және емшек емізу кезеңі
  • 6 жасқа дейінгі балалар
  • радиоактивті йодпен бір мезгілде қолдану
  • Дюринг герпес тәрізді дерматиті

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Йокс препаратын ауыз қуысы мен жұтқыншақта жергілікті қолдануға арналған басқа да антисептикалық дәрілермен бір мезгілде қолданбаған дұрыс.

Айрықша нұсқаулар

Ларингит кезінде препарат өте қажет жағдайда ғана қолданылады.  Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарға препаратты сақтықпен қолдану керек.

Препарат кұрамында 18,6% этанол бар.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: ауызда металл дәмін сезіну, құсу, асқазан тұсының ауыруы және диарея.  1-2 күн бойы анурия, асфиксияға апаратын дыбыс шығару саңылауының ісінуі, аспирациялық пневмония немесе өкпенің ісінуі пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тамыр жеткіліксіздігі туындауы мүмкін.

Емі:  симптоматикалық ем жүргізіледі. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан күңгірт шыны құтыға құйылған. Әр құты пластик өлшеуіш қалпақшамен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау  шарттары

100С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.  

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Тева Чех Өндірістері с.р.о.»,  Остравска 29, 74779 Опава- Комаров, Чех Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

«Тева Чех Өндірістері с.р.о.», Чех Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның  мекенжайы: 

«Тева Чех Индастриз сро.» компаниясының ҚР-дағы өкілдігі

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 13,

Нұрлы тау бизнес орталығы 1в  305, 306 кеңсе

Телефон, факс (727) 311-10-66; 311-10-68

Жаналыктар

Картадағы дәріханалар

Бейне баян

NPS-KZ-00089