Жаңалықтарға жазылу керек па?

Сіз сәтті жазылдыңыз!

ТОО «ратиофарм Казахстан»
Тел : + 7 (727) 325 16 15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
тел.: +7 (727) 325-16-15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
Артқа
Туссамаг
Тамшылар 20 г
Туссамаг
Сироп 200 г
Туссамаг
қантсыз шәрбат
Инструкции

Инструкции

18 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер

Саудалық атауы

Туссамаг

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі   

Тамшылар 20 г 

Құрамы

100 г препараттың құрамында
белсенді зат  - 50,0 г жебіршөп сұйық сығындысы

қосымша зат 70 % кристалданбайтын сорбит.

Сипаттамасы

Жебіршөптің өзіндік иісі бар, қызыл-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы 

Суық тию симптомдары мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар.

АТХ коды   R 05СА

Фармакологиялық әсері 

Фармакокинетикаcы

Жебіршөп сығындысының негізгі компоненті тимол асқазан-ішек жолынан жылдам және толық дерлік сіңеді. Жебіршөп сығындысын қабылдағаннан кейін 20 минуттан соң плазмада тимол сульфатын байқауға болады. Плазмадағы тимол сульфатының ең жоғары деңгейіне (93 нг/мл) шамамен  2 сағаттан кейін жетеді, ол плазмада 38 сағатқа дейін анықталады.  Жартылай шығарылу кезеңі 10,2 сағатты құрайды. Тимол өкпе арқылы, несеппен тимол сульфаты мен глюкуронид түрінде 24 сағаттан соң шығарылады. Бүйректік клиренсі сағатына 0,27 л құрайды.

Фармакодинамикасы

Құрамында жебіршөп сығындысы бар өсімдік тектес препарат. Жебіршөп сығындысының компоненттері (тимол, карвакрол және б.) қақырық түсіретін әсер береді, қақырықты сұйылтады, оның тұтқырлығын азайтып, жақсы жылжуына ықпал етеді, бронх шырышты қабығының ісінуі мен қабынуын  азайтады.

Қолданылуы 

  • жоғарғы тыныс алу жолдарының тұтқыр шырышты суық тию ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Тамшыларды басқа сұйық заттармен (шаймен, жеміс шырынымен) араластырады. Препаратты қабылдау тамақтануға байланысты емес. Сұйылтылған препаратты жұтпастан бұрын, мүмкіндігінше ауызда ұзағырақ ұстау ұсынылады.   Ересектер: 5,5-7 мл-ден күніне 3-4 рет.

Емдеу курсының ұзақтығы дәрігердің ұсынымдарына байланысты.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

  • жоғары сезімталдық реакциялары (ентігу, бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі)

Кейде

  • асқазан-ішек бұзылыстары (түйілулер, жүрек айнуы, құсу, диарея)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • жебіршөпке немесе басқа да ерінгүл тұқымдастарға, қайыңға, жусанға, балдыркөкке жоғары сезімталдық
  • жүрек қызметінің декомпенсациясы
  • маскүнемдік, эпилепсия, бауыр аурулары
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
  • фруктозаны, глюкоза-галактозаны көтере алмаушылық, сахараза-изомальтаза тапшылығы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Бір аптадан артық жөтелге шағымданғанда, ентігуі, қызуы немесе ірің

немесе қан аралас қақырық байқалғанда дәрігермен кеңескен жөн. 

Препарат құрамында көлемі бойынша 19 % спирт бар (препараттың бір реттік дозасы құрамында 1,05 г спирт бар), сондықтан бауыр қызметінің бұзылуы, маскүнемдік, эпилепсия, органикалық аурулар немесе ми жарақаттары бар емделушілерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге қолданылмайды.  

Құрамында спирт болғандықтан, жебіршөп сұйық сығындысы ерітінділерін қолдану допинг-бақылау кезінде оң нәтижелерге әкеледі.

Препаратты ойық жара ауруы, асқазан-ішек жолы, қалқанша без, бауыр мен бүйрек ауруларында қабылдау ұсынылмайды.   

Препарат құрамында өсімдіктен алынған сығынды бар, ол шәрбаттың сәл бұлыңғырлануына немесе құты түбіне шөгуіне әкелуі мүмкін, алайда бұл препараттың тиімділігіне әсер етпейді.

Қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған нұсқау

1 г (20 тамшы) препараттың құрамында 0,35 г сорбитол бар, бұл 0,03 нан бірлігіне сәйкес келеді. Сорбитолдың жеңіл іш жүргізетін әсері бар.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат құрамында спирт бар, сондықтан көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде осыны ескерген жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: концентрацияланған эфир майының едәуір мөлшерін қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолы шырышты қабығының құсу, диарея түріндегі тітіркену симптомдары байқалған.  Ауыр жағдайларда құрысулар, пневмония, елестеулер, атаксия, кома және бүйрек асқынулары болуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір тағайындау, қажет болғанда диурезді бақылау, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г препараттан бұрандалы қақпағы бар шыны құтыда.

1 құты қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құты ашылғаннан кейін қолдану кезеңі 12 ай ішінде.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Меркле ГмбХ", Граф-Арко штрассе 3, 89079, Ульм, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

"ратиофарм ГмбХ", Граф-Арко штрассе 3, 89079, Ульм, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның  мекенжайы

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 19, Нұрлы тау БО, 1Б, 603 кеңсе. Телефон: (727)3110915, Факс: (727)3110734, e-mail: teva@teva.kz

Жаналыктар

Картадағы дәріханалар

Бейне баян

Инструкции

Инструкции

Саудалық атауы

Туссамаг

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі 

200 г шәрбат

Құрамы

100 г шәрбаттың құрамында
белсенді зат  - 9,001 г жебіршөп сұйық сығындысы,

қосымша заттар: талшын жапырақтарының қою сығындысы, натрий бензоаты, 25% хлорсутек қышқылы, 85% глицерин, 66,5% сахароза ерітіндісі,  карамель Церестар бояғышы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Жебіршөптің өзіндік иісі бар, мөлдір қоңыр түсті сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы 

Суық тию симптомдары мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар

АТХ коды   R 05СА

Фармакологиялық әсері 

Фармакокинетикаcы

Жебіршөп сығындысының негізгі компоненті тимол асқазан-ішек жолынан жылдам және толық дерлік сіңеді. Жебіршөп сығындысын қабылдағаннан кейін 20 минуттан соң плазмада тимол сульфатын байқауға болады. Плазмадағы тимол сульфатының ең жоғары деңгейіне (93 нг/мл) шамамен  2 сағаттан кейін жетеді, ол плазмада 38 сағатқа дейін анықталады.  Жартылай шығарылу кезеңі 10,2 сағатты құрайды. Тимол өкпе арқылы, несеппен тимол сульфаты мен глюкуронид түрінде 24 сағаттан соң шығарылады. Бүйректік клиренсі сағатына 0,27 л құрайды.

Фармакодинамикасы

Құрамында жебіршөп сығындысы бар өсімдік тектес препарат. Жебіршөп сығындысының компоненттері (тимол, карвакрол және б.) қақырық түсіретін әсер береді, қақырықты сұйылтады, оның тұтқырлығын азайтып, жақсы жылжуына ықпал етеді, бронх шырышты қабығының ісінуі мен қабынуын  азайтады.

Қолданылуы 

  • жоғарғы тыныс алу жолдарының суық тию ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Шырынды сұйылтпай қабылдауға, немесе басқа сұйық заттармен (шаймен, жеміс шырынымен) араластыруға болады. Препаратты қабылдау тамақтануға байланысты емес. Шәрбатты жұтпастан бұрын, мүмкіндігінше ауызда ұзағырақ ұстау ұсынылады. Шәрбаттың ұсынылатын көлемін стерильді бір реттік еккіштің көмегімен өлшеп алуға болады.

Ересектер: 4-6 мл күніне 3 рет.

12 жастан асқан балалар: 2 мл күніне 4 рет.

4-тен 12 жасқа дейінгі балалар: 2 мл күніне 3-4 рет.

1-ден 4 жасқа дейінгі балалар: 2 мл күніне 3 рет.

Емдеу курсының ұзақтығы дәрігердің ұсынымдарына байланысты.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

  • жоғары сезімталдық реакциялары (ентігу, бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі)

Кейде

  • асқазан-ішек бұзылыстары (түйілулер, жүрек айнуы, құсу, диарея)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • жебіршөпке немесе басқа да ерінгүл тұқымдастарға, қайыңға, жусанға, балдыркөкке жоғары сезімталдық
  • маскүнемдік, эпилепсия, бауыр аурулары
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • 1 жасқа дейінгі балалар
  • фруктозаны, глюкоза-галактозаны көтере алмаушылық, сахараза-изомальтаза тапшылығы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз

Айрықша нұсқаулар

Бір аптадан артық жөтелге шағымданғанда, ентігу, қызу немесе ірің

немесе қан аралас қақырық байқалғанда дәрігермен кеңескен жөн. 

Препарат құрамында көлемі бойынша 4% спирт бар (1 мл препаратта 0,04 г спирт бар), сондықтан бауыр қызметінің бұзылуы, маскүнемдік, эпилепсия, органикалық аурулар немесе ми жарақаттары бар емделушілерге қолданылмайды.  

Құрамында спирт болғандықтан, жебіршөп сұйық сығындысы ерітінділерін қолдану допинг-бақылау кезінде оң нәтижелерге әкеледі.

Препаратты ойық жара ауруы, асқазан-ішек жолы, қалқанша без, бауыр мен бүйрек ауруларында қабылдау ұсынылмайды.   

Препарат құрамында өсімдіктен алынған сығынды бар, ол шәрбаттың сәл бұлыңғырлануына немесе құты түбіне шөгуіне әкелуі мүмкін, алайда бұл препараттың тиімділігіне әсер етпейді.

Қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған нұсқау

6 мл шәрбаттың құрамында 3,98 г сахароза бар, бұл 0,3 НБ сәйкес келеді.

Педиатрияда қолданылуы

Шәрбаттың бір реттік дозасында (2 мл) 80 мг спирт бар. 12 жастан кіші балалар препаратты тек дәрігердің бақылауымен қабылдауы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат құрамында спирт бар, сондықтан көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде осыны ескерген жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: концентрацияланған эфир майының едәуір мөлшерін қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолы шырышты қабығының құсу, диарея түріндегі тітіркену симптомдары байқалған.  Ауыр жағдайларда құрысулар, пневмония, елестеулер, атаксия, кома және бүйрек асқынулары болуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір тағайындау, қажет болғанда диурезді бақылау, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

200 г шәрбаттан бұрандалы қақпағы бар шыны құтыда.

1 құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Құты ашылғаннан кейін қолдану кезеңі 12 ай ішінде.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Меркле ГмбХ", Граф-Арко штрассе 3, 89079, Ульм, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

"ратиофарм ГмбХ", Граф-Арко штрассе 3, 89079, Ульм, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның  мекенжайы

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 19, Нұрлы тау БО, 1Б, 603 кеңсе. Телефон: (727)3110915, Факс: (727)3110734, e-mail: teva@teva.kz

Жаналыктар

Картадағы дәріханалар

Бейне баян

Инструкции

Инструкции

Саудалық атауы

Туссамаг

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі   

175 г 9% қантсыз шәрбат

Құрамы

100 г шәрбаттың құрамында
белсенді зат  - 9,00 г жебіршөп сұйық сығындысы,

қосымша заттар: калий сорбаты,  лимон қышқылының моногидраты,  85% глицерин, 70% сорбитол, карамель Церестар бояғышы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Жебіршөптің өзіндік иісі бар, мөлдір қоңыр түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы 

Суық тию симптомдары мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар

АТХ коды   R 05СА

Фармакологиялық әсері 

Фармакокинетикаcы

Жебіршөп сығындысының негізгі компоненті тимол асқазан-ішек жолынан жылдам және толық дерлік сіңеді. Жебіршөп сығындысын қабылдағаннан кейін 20 минуттан соң плазмада тимол сульфатын байқауға болады. Плазмадағы тимол сульфатының ең жоғары деңгейіне (93 нг/мл) шамамен  2 сағаттан кейін жетеді, ол плазмада 38 сағатқа дейін анықталады.  Жартылай шығарылу кезеңі 10,2 сағатты құрайды. Тимол өкпе арқылы, несеппен тимол сульфаты мен глюкуронид түрінде 24 сағаттан соң шығарылады. Бүйректік клиренсі сағатына 0,27 л құрайды.

Фармакодинамикасы

Құрамында жебіршөп сығындысы бар өсімдік тектес препарат. Жебіршөп сығындысының компоненттері (тимол, карвакрол және б.) қақырық түсіретін әсер береді, қақырықты сұйылтады, оның тұтқырлығын азайтып, жақсы жылжуына ықпал етеді, бронх шырышты қабығының ісінуі мен қабынуын  азайтады.

Қолданылуы 

  • жоғарғы тыныс алу жолдарының суық тию ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Шырынды сұйылтпай қабылдауға, немесе басқа сұйық заттармен (шаймен, жеміс шырынымен) араластыруға болады. Препаратты қабылдау тамақтануға байланысты емес. Шәрбатты жұтпастан бұрын, мүмкіндігінше ауызда ұзағырақ ұстау ұсынылады. Шәрбаттың ұсынылатын көлемін стерильді бір реттік еккіштің көмегімен өлшеп алуға болады.

Ересектер: 4-6 мл күніне 3 рет.

12 жастан асқан балалар: 2 мл күніне 4 рет.

4-тен 12 жасқа дейінгі балалар: 2 мл күніне 3-4 рет.

1-ден 4 жасқа дейінгі балалар: 2 мл күніне 3 рет.

Емдеу курсының ұзақтығы дәрігердің ұсынымдарына байланысты.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

  • жоғары сезімталдық реакциялары (ентігу, бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі)

Кейде

  • асқазан-ішек бұзылыстары (түйілулер, жүрек айнуы, құсу, диарея)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • жебіршөпке немесе басқа да ерінгүл тұқымдастарға, қайыңға, жусанға, балдыркөкке жоғары сезімталдық
  • маскүнемдік, эпилепсия, бауыр аурулары
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • 1 жасқа дейінгі балалар
  • фруктозаны, глюкоза-галактозаны көтере алмаушылық, сахараза-изомальтаза тапшылығы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз

Айрықша нұсқаулар

Бір аптадан артық жөтелге шағымданғанда, ентігу, қызу немесе ірің

немесе қан аралас қақырық байқалғанда дәрігермен кеңескен жөн. 

Препарат құрамында көлемі бойынша 4% спирт бар (1 мл препаратта 0,04 г спирт бар), сондықтан бауыр қызметінің бұзылуы, маскүнемдік, эпилепсия, органикалық аурулар немесе ми жарақаттары бар емделушілерге қолданылмайды.  

Құрамында спирт болғандықтан, жебіршөп сұйық сығындысы ерітінділерін қолдану допинг-бақылау кезінде оң нәтижелерге әкеледі.

Препаратты ойық жара ауруы, асқазан-ішек жолы, қалқанша без, бауыр мен бүйрек ауруларында қабылдау ұсынылмайды.   

Препарат құрамында өсімдіктен алынған сығынды бар, ол шәрбаттың сәл бұлыңғырлануына немесе құты түбіне шөгуіне әкелуі мүмкін, алайда бұл препараттың тиімділігіне әсер етпейді.

Қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған нұсқау

6 мл қантсыз шәрбаттың құрамында 1,8 г сорбитол бар, бұл 0,15 НБ сәйкес келеді. Сорбитолдың жеңіл іш жүргізетін әсері бар.

Педиатрияда қолданылуы

Шәрбаттың бір реттік дозасында (2 мл) 80 мг спирт бар. 12 жастан кіші балалар препаратты тек дәрігердің бақылауымен қабылдауы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат құрамында спирт бар, сондықтан көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде осыны ескерген жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: асқазан-ішек жолы шырышты қабығының құсу, диарея түріндегі тітіркенуі; құрысулар, препарат құрамында спирт болуына байланысты алкогольдік улануды, әсіресе балаларда ескерген жөн.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

175 г шәрбаттан бұрандалы қақпағы бар шыны құтыда.

NPS-KZ-00089