Жаңалықтарға жазылу керек па?

Сіз сәтті жазылдыңыз!

ТОО «ратиофарм Казахстан»
Тел : + 7 (727) 325 16 15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
тел.: +7 (727) 325-16-15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
Артқа
Гепабене®
Инструкции

Инструкции

Саудалық атауы Гепабене®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ Дәрілік түрі Капсулалар Құрамы Бір капсуланың құрамында: белсенді заттар: 275,10мг дәрілік көгілдір шөбінің құрғақ экстрактісі, 83,10 мг алатікен жемісінің құрғақ экстрактісі, (силимаринге баламалы) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, тальк, полиэтиленгликоль (Макрогол 6000), кополивидон (Коповидон), магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы

капсула қабығының құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) сары тотығы (Е 172), темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), темірдің (III) қара тотығы (Е 172), тазартылған су.

СипаттамасыАшық-қоңыр түсті қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішінде – ашықтан біркелкі емес күңгірт-қоңыр түске дейінгі ақ немесе сарғыш немесе сұр түсті ұсақ бөлшектері бар ұнтақ.Фармакотерапиялық тобыБауыр және өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар.  АТХ коды А 05ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін силибинин, силидианин және силикристин түрінде келетін силимариннің көп бөлігі (80%) өт арқылы шығарылады және энтерогепатикалық циркуляцияға ұшырайды (10%). Жартылай ыдырау кезеңі 2,2 сағатты құрайды. Силибининнің биожетімділігі – 20-40%.  

Фумариннің фармакокинетикасы зерттелген жоқ.

Фармакодинамикасы

Гепабене® өсімдік тестес біріктірілген препарат болып табылады, құрамында дәрілік көгілдір экстрактісі және шұбар алатікен құрғақ экстрактісі бар.Ұрпақ өрбіту уыттылығына, геноуыттылыққа және канцерогенділікке зерттеулер жүргізілген жоқ. Бірнеше реттік дозалар уыттылығының және қолдану қауіпсіздігінің фармакологиялық зерттеулерінде адам үшін қауіптілігі анықталған жоқ.Дәрілік көгілдір экстрактісі құрамында алкалоид фумарин бар, секрецияланатын өттің мөлшерін қалпына келтіреді, Одди сфинктерінің және өт түтіктерінің түйілуін азайтады, өттің ішекке түсуін жеңілдете отырып, өт шығару жолдарының дискенезиясы мен холестазын жояды. Сонымен қатар, кері байланыс механизмі арқылы фумарин ішекте холестериннің сіңірілуін, өтке холестериннің секрециясын төмендетеді, бұл өттің литогенділігін азайтады.

Алатікен жемісі экстрактісінің құрамында силимарин бар, ол жедел және созылмалы интоксикацияларда гепатопротекторлық әсерін білдіреді.

Қолданылуы Өт секрециясын стимуляциялау үшін және ауырлық деңгейі жеңіл ас қорыту бұзылысында (метеоризм) шағымдарды басу үшін. Қолдану тәсілі және дозалары Гепабенені® тәулігіне 3 рет 1 капсуладан тамақ ішу барысында, шайнамай, азғантай мөлшердегі сумен ішке қабылдайды. Егер 2 аптадан кейін шағымдар үдесе немесе пациент өзін жақсы сезінбесе, дәрігермен кеңескен жөн. Жағымсыз әсерлері

Кейде

  • азғантай іш жүргізетін әсер
  • азғантай диуретикалық әсер

Сирек

  • жүрек айну, диспепсия, диарея
  • аллергиялық реакциялар (бөртпе, қышыну)

Өте сирек

  • вестибулярлы бұзылулары бар науқастарда бас айналуы, алопеция

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық
  • өт-тас ауруы
  • бауыр мен өт шығару жолдарында жедел қабыну аурулары
  • 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде Гепабене және:

  • пероральді контрацептивтер мен гормональді орын басатын ем үшін қолданылатын препараттарды қолданғанда соңғыларының әсері төмендеуі мүмкін;
  • силимарин цитохрома Р 450 жүйесіне басатын әсер ететіндіктен, диазепам, алпрозолам, кетоконазол, ловастатин, винбластин сияқты дәрілердің әсерін күшейтуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Деректердің жеткіліксіздігіне байланысты препаратты жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Фертильділікке әсер етуі туралы деректер жоқ.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері  

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Қазіргі уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Артық дозаланған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралған жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттарыРецептісіз

Өндіруші

«Меркле ГмбХ», Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

«ратиофарм ГмбХ», Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның  мекенжайы

«ратиофарм Казахстан» ЖШС, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 19,

«Нұрлы-Тау» БО, 1Б, 603 кеңсе. Телефон: (727)3110915, Факс: (727)3110734,

e-mail: Safety.Kazakhstan@tevapharm.com

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы

«ратиофарм Казахстан» ЖШС, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 19,

«Нұрлы-Тау» БО, 1Б, 603 кеңсе. Телефон: (727)3110708, Факс: (727)3110734,

e-mail: Dina.Baimakova@tevapharm.com

Жаналыктар

Картадағы дәріханалар

Бейне баян

NPS-KZ-00089