Жаңалықтарға жазылу керек па?

Сіз сәтті жазылдыңыз!

ТОО «ратиофарм Казахстан»
Тел : + 7 (727) 325 16 15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
тел.: +7 (727) 325-16-15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
Артқа
Хилак® форте
тамшылар 30 мл
Хилак® форте
тамшылар 100 мл
Инструкции

Инструкции

Саудалық атауы

Хилак® форте-тамшылар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тамшыларлар

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: зат алмасу өнімінің сулы субстраты

Escherichia coli  DSM 4087 -       24,9481 г,

зат алмасу өнімінің сулы субстраты

Enterococcus faecalis DSM 4086 - 12,4741 г,  

зат алмасу өнімінің сулы субстраты

Lactobacillus acidophilus DSM 4149 -  12,4741 г,

зат алмасу өнімінің сулы субстраты

Lactobacillus helveticus DSM 4138 - 49,8960 г,

қосымша заттар: натрий фосфатының гептагидраты, калий гидрофосфаты, сүт қышқылы, қанықтырылған фосфор қышқылы, калий сорбаты, лимон қышқылының моногидраты.

Сипаттамасы

Карамель иісті және қышқыл дәмі бар, мөлдір, сарғыш-қоңыр ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға  қарсы препараттар. Антидиареялық микроорганизмдер.   

АТХ коды  A07FА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Хилак® форте-тамшылар препаратының құрамына жіңішке және тоқ ішектің грамоң және грамтеріс симбионттар  метаболизмінің көптеген өнімдері кіреді, сондықтан препаратқа кинетикалық зерттеулерді жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы 

Хилак® форте-тамшылары ішек микрофлорасының тепе-теңдігін реттейтін препарат болып табылады. Ішектің қалыпты микрофлорасының бұзылуы антибиотиктермен емдегеннен, сәулелендіруден, асқазанға операция жасағаннан кейін, сондай-ақ үйреншікті емес тағамнан кейінгі инфекциялық аурулар кезінде болуы мүмкін.

Құрамындағы қалыпты микрофлора алмасу өнімдері, қысқа-тізбекті ұшпалы май қышқылдарының арқасында Хилак® форте-тамшылары ішектің қалыпты микрофлорасының қайта қалпына келуіне ықпал етеді, ішек қабырғасының эпителиальді жасушаларының қайта жаңғыруын көтермелейді, ішек қуысының сулы-электролитті теңгерімін қалпына келтіреді. Препараттың құрамына кіретін сүт қышқылы және оның тұздары асқазан-ішек жолдары қышқылдылығының дұрыс мәнін қалпына келтіреді, сонысымен патогенді микроорганизмдердің тіршілік етуі үшін жағымсыз жағдайлар туындатады. Хилак® форте-тамшылары сальмонеллаларға қатысты антагонист болып табылатын ацидофильді анаэробтық ішек флорасының өсуіне ықпал етеді. Препарат әсерінен ішектің қалыпты симбионттарының жылдам дамуы аясында В6, В12 және К витаминдерінің табиғи синтезі қалпына келеді.

Қолданылуы

  • ішек инфекциясын өткергеннен кейінгі, бактерияларға қарсы, гормональді, сәулелік еммен ұзақ емдеу салдарынан болған ішек дисбактериозында
  • созылмалы атрофиялық гастроэнтеритте, әртүрлі себептерден болған  созылмалы колиттерде
  • диспепсия және ішек дисфункциясы (жүрек айнуы, метеоризм, диарея, іш қату, саяхатшылар диареясы, гипо- және анацидті жағдайлар, сонымен қатар жүктілік кезінде)
  • атопиялық дерматит, экзема, есекжем
  • өт қалтасы, өт шығару жолдарының және бауыр ауруларында     

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолданар алдында құтыны сілку керек. 

Хилак® форте - тамшыларын сұйықтықтың (сүттен басқасының, судың, шайдың, шырынның, компоттың) аздаған мөлшерімен араластырып, тамақтану кезінде немесе оған дейін ішке қабылдайды.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға - тәулігіне 3 рет 40-60 тамшылардан,

2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға - тәулігіне 3 рет 20-40 тамшылардан,

жаңа туған кезеңінен  2 жасқа дейінгі балаларға дене салмағының әр 1 кг-на 5-10 тамшылардан. Жағдай жақсарғаннан кейін тәуліктік дозаны жартысына дейін азайтуға болады. Қыжылы және гиперацидті жағдайы  бар адамдарға тәуліктік дозаны бірнеше қабылдауға (5-6 рет) бөлу керек. Емдеу ұзақтығы клиникалық көрінісінің айқындығына байланысты болады және орташа 30 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Хилак® форте-тамшыларын кез келген жастағы науқастар жақсы көтере алады.

Сирек

  • терінің және шырышты қабықтардың аса жоғары сезімталдық реакциялары

Жекелеген жағдайларда

  • аз айқындылықтағы асқазан-ішек бұзылыстары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратты жеке көтере алмаушылық
  • лактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антацидті препараттардың әсерінен бұл препараттың құрамына кіретін сүт қышқылының бейтараптандырылуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Хилак® форте-тамшыларын диарея кезінде регидратациялық емге қосымша ретінде тағайындайтынын ескеру керек. Қызбамен және қан аралас нәжіспен қатар жүретін жедел диареяда дәрігерден  кеңес алу қажет.

рН ортасының  қышқылдығына байланысты Хилак® форте-тамшылары сүттің ұюын туындатады, сондықтан препаратты сүтпен немесе сүт өнімдерімен қабылдауға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезінде Хилак® форте-тамшыларын қабылдау қауіпсіз болып табылады.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл және 100 мл-ден қорғаныш сақинасы мен тамшыларлатқыш-тығынымен бұрандалы пластмасса қақпағы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыларға құйылған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау  шарттары

25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау  мерзімі

5 жыл

Құты алғаш ашылғаннан кейін қолдану кезеңі - 12 ай. 

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Меркле ГмбХ», Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

«ратиофарм ГмбХ», Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19, «Нұрлы-Тау» БО, 1Б, 603 кеңсе, тел. (727)3110915, факс: (727)3110734, e-mail: teva@teva.kz

Жаналыктар

Картадағы дәріханалар

Бейне баян

NPS-KZ-00089