Жаңалықтарға жазылу керек па?

Сіз сәтті жазылдыңыз!

ТОО «ратиофарм Казахстан»
Тел : + 7 (727) 325 16 15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
тел.: +7 (727) 325-16-15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
Артқа
Лаксигал
Ішуге арналған тамшылар
Инструкции
Картадағы дәріханалар
Бейне баян

Инструкции

Саудалық  атауы

Лаксигал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натрий пикосульфаты

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында 

белсенді зат - 7,5 г натрий пикосульфаты,

қосымша заттар: сорбитолдың 70% ерітіндісі, натрий этилпарагидроксибензоаты, 35 % хлорсутегі қышқылы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір,  түссіз немесе сәл сарғыштау түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жанаспалы іш жүргізгіштер

АТХ коды А06АВ08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Әсер етуші заты – натрий пикосульфаты, гидрофильді зат ретінде ішектің липофильді жарғақшаларымен әлсіз сіңіріледі. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін өзгермеген күйінде асқазан мен аш ішек арқылы өтеді. 3 сағаттан кейін препараттың қабылданған мөлшерінің шамамен 70%-ы тоқ ішекке түседі.  Мұнда натрий пикосульфатының бактериялық микрофлорамен гидролизі жүреді. Липофилин метаболиті биологиялық жарғақшалар арқылы өтеді. Тоқ ішекте 12 сағаттан кейін алынған дозаның тек 8%-ы ғана болады. 72 сағат өткеннен кейін заттың 21%-ы несеппен және 72%-ы нәжіспен натрий пикосульфаты метаболиті түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Іш жүргізгіш препарат. Тоқ ішек деңгейінде әсер етеді: натрий пикосульфаты ішек микрофлорасының әсерімен белсенді түрі – бос дифенолды түзе отырып, гидролизденеді. Дифенол тоқ ішек шырышты қабығының рецепторларын көтермелейді және оның жиырылуын күшейтеді.

Қолданылуы

Ішектің босауын жеңілдету үшін:

  • гипотония мен ішек жиырылуының әлсіздігінен болатын функционалдық іш қатуларда (тамақтану сипатын, тұрған орнын өзгерткенде кезде, операциядан кейін, ұзақ төсек тартып жатқанда)
  • проктитте, геморройда, анус сызатында
  • рентгендік немесе эндоскопиялық зерттеулерге, хирургиялық операцияларға даярлауда

Қолдану тәсілі және дозалары

4-10 жастағы балалар                                           6-12 тамшы ұйықтар алдында

Ересектер мен 10 жастан асқан балалар            12-24 тамшы ұйықтар алдында

Лаксигалдың әсері 6-12 сағаттан соң басталады.

Лаксигалды сұйықтықпен немесе онсыз қабылдауға болады. Қажет етілетін үлкен дәрет консистенциясына қол жеткізу үшін ұсынылатын дозаны арттыру немесе төмендету арқылы ұтымды дозасын таңдап алуға болады.

Дәрігердің бақылауынсыз 10 күннен артық пайдалануға болмайды.

Препаратты ұзақ қабылдау қажет болған жағдайда дәрігермен кеңесу қажет. 

Жағымсыз әсерлері

  • жүрек айну, құсу, шаншу, диарея және іштің ауыруы  
  • дегидратация және электролитті теңгерімнің бұзылуы: едәуір жоғары дозада ұзақ қабылдаған кезде калий мен басқа  электролиттердің азаюы мүмкін.
  • препаратты ұзақ пайдаланған кезде салмақ жоғалту
  • етеккір оралымның бұзылуы
  • тәбеттің болмауы
  • депрессия
  • ішектің бұлшықет қабырғалары тонусының өзгеруі
  • бас айналу, естен тану
  • аса жоғары сезімталдық реакциялары (тері реакциялары, ангионевротикалық ісіну)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • пикосульфатқа және басқа да қосымша заттарға, парабендерге жоғары сезімталдық
  • ішек бітелісі
  • іш қуысы мүшелерінің жедел қабыну аурулары
  • асқазан-ішектен және жатырдан қан кету
  • шығу тегі айқындалмаған жүрек айнуы және құсу
  • қысылған жарық
  • организмнің айқын сусыздануы
  • іш қуысына жасалған операциядан кейінгі жағдай
  • перитонит
  • генезі айқын емес абдоминальді ауырулар
  • цистит
  • спастикалық іш қатулар
  • жүктіліктің І триместрі, лактация кезеңі
  • 4 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Әсер ету ауқымы кең бактерияға қарсы препараттармен бір мезгілде қолданған кезде Лаксигалдың тиімділігі азаяды. Диуретиктермен және кортикостероидтармен бір мезгілде қолдану сулы-электролитті теңгерімнің  бұзылуына және жүрек гликозидтеріне сезімталдықтың жоғарылауына ықпал етуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Басқа іш жүргізетін дәрілер сияқты, іш қатудың себебін анықтап алмай, Лаксигал препаратын күнделікті немесе ұзақ уақыт қабылдауға болмайды. Бұл сулы-электролитті теңгерімнің бұзылуына әкелуі, сондай-ақ гипокалиемияны туындатуы мүмкін.

Алдын ала дәрігердің кеңесінсіз балаларға қолдану ұсынылмайды. Сирек тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық проблемасы бар емделушілер, құрамында сорбит болғандықтан, бұл препаратты қолданбағандары жөн.

Жүктілік және лактация

Жүкті және бала емізетін әйелдерге препаратты қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ, сондықтан оны сақтықпен және медициналық байқаумен қолданған жөн. Препаратты қолдану қажет  болғанда емнің анаға ықтимал пайдасы мен нәрестеге төнетін қаупін  таразылып алған дұрыс.    

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері  

Лаксигал көлік құралдарын басқаруға және жоғары назар шоғырландыруды талап ететін қызмет түрлеріне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: іш маңындағы ұстама тәрізді ауыру, сұйық нәжістің жиілеуі, калий және басқа электролиттердің клиникалық мәнді деңгейде азаюы.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тамшылатқышы мен алғашқы ашылуы бақыланатын қақпақпен жабдықталған қоңыр шыны құтыға 10 мл және 25 мл препараттан құйылған.  

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 10 0С-ден 25 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Тева Чех Өндірістері с.р.о.», Остравска 29, 74779 Опава Комаров, Чех  республикасы.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Тева Чех Өндірістері с.р.о», Чех Республикасы.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның  мекенжайы 

ҚР-дағы «Тева Чех Индастриз сро.»

компаниясының өкілдігі

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 13,

Нұрлы тау бизнес орталығы 1в 305, 306 кеңсе

Телефон, факс (727) 311-10-66; 311-10-68 

Жаналыктар

Картадағы дәріханалар

Бейне баян

NPS-KZ-00089