Жаңалықтарға жазылу керек па?

Сіз сәтті жазылдыңыз!

ТОО «ратиофарм Казахстан»
Тел : + 7 (727) 325 16 15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
тел.: +7 (727) 325-16-15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
Артқа
Неуробекс® Нео
Инструкции

Инструкции

Саудалық атауы

Неуробекс® Нео

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар 

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: 25 мг рибофлавин,  5 мкг цианокобаламин, 10 мг пиридоксин гидрохлориді, 50 мг тиамин нитраты, 0,5 мг фолий қышқылы, 100 мг никотинамид, 25 мг кальций пантотенаты, 175 мг аскорбин қышқылы 

қосымша заттар:  тальк, сусыз кремнийдің коллоидты қостотығы, картоп крахмалы, сусыз кальций гидрофосфаты, магний стеараты

капсуланың құрамы: 

корпусы: FD&C Red 3 бояғышы (Е127), D&C Yellow 10 бояғышы (Е104), титанның қосотығы (Е 171), желатин

қақпақшасы: FD&C Red 3 бояғышы (Е127), FD&C Blue 1 бояғышы (Е133), D&C Yellow 6 бояғышы (Е110), желатин

Сипаттамасы

Корпусы қызыл-сары түсті және қақпақшасы қара түсті 0 өлшемді қатты желатинді  капсулалар.  Капсулалардың ішіндегісі  – сары-қызғылт-сарыдан сары-қоңыр түске дейінгі ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттармен біріктірілімін қоса, В тобы витаминдерінің кешені. Аскорбин қышқылымен біріктірілген В тобының витаминдері

АТХ коды A11EB

Фармакологиялық қасиеттер

Фармакокинетикасы

Препараттың компоненттері суда еритін витаминдер болғандықтан, организмде жинақталмайды.

Тиамин (В1 витамині) және  пиридоксин (В6 витамині)  ішектің жоғары бөлімдерінде сіңіп, организмде біркелкі таралады. Сіңу дәрежесі дозасына байланысты.

Цианокобаламиннің (В12 витамині)  сіңуі асқазандағы және ішектің жоғарғы бөлігіндегі ішкі фактордың болуымен анықталады, кейін В12 витаминін тіндерге тасымалдау транскобаламин ІІ тасымалдаушы ақуызы арқылы  атқарылады.

Рибофлавин (В2 витамині) жеңіл сінеді.  Организмде біркелкі таралмайды: ең көп мөлшері миокардта, бауырда, бүйректе анықталады.

Тиамин, пиридоксин және цианокобаламин бауырда метаболизденеді.

Тиамин (В1 витамині) және пиридоксин (В6 витамині) өзгермеген түрде (шамамен 8-10%) бүйрекпен шығарылады. Артық дозаланған кезде тиаминнің және пиридоксиннің ішек арқылы шығарылуы жоғарылайды.

Цианокобаламин (В12 витамині)  негізінен өтпен шығарылады, бүйрекпен шығу дәрежесі айнымалы – 6-дан 30%-ға дейін.

Рибофлавин (В2 витамині) негізінен несеп арқылы өзгермеген түрде шығарылады; организмдегі витаминнің құрамы  қалыпты болғанда  тәулік ішінде несеппен енгізілген дозаның шамамен  9%-ы бөлінеді, ал қалғаны бүйрек өзектерінде қайта сіңеді; шамадан тыс енгізгенде  шығарылуы артады және  несеп  сары түске боялады. 

Фолий қышқылы қарапайым гидролизат түрінде сіңеді. Гидролизді іске асыратын ферменттердің көптеген мөлшері он екі елі ішекте және аш ішекте болады. Фолий қышқылы организмнің барлық тіндеріне таралады. Организмдегі жалпы мөлшері 5-тен 10 мг-ге дейін ауытқиды, олардың 1/3 бауырда, негізінен метилфолат түрінде болады. Фолий қышқылының метаболизмі және оның тіндердегі биоөзгеруі соңына дейін зерттелмеген. 

Никотинамид (РР витамині) асқазан-ішек жолынан (АІЖ) жылдам сіңеді. Барлық мүшелер мен тіндерге біркелкі таралады. Негізінен метилдену арқылы белсенділігін жояды. Егер организмге оның мөлшері көп болып түсетін болса, никотинамид несепте  белсенді түрде пайда болуы мүмкін.

Аскорбин қышқылы (С витамині) ішекте жылдам сіңеді. С витамині сіңгеннен кейін қан плазмасында айналымда болады және бездік тіндерде жиналады. Тіндердегі, лимфоциттердегі және тромбоциттердегі  С витаминінің концентрациясы оның қан плазмасындағы концентрациясынан он есе көп болады. С витамині қымыздық қышқылына немесе басқа суда еритін метаболиттерге дейін ішінара метаболизденеді, бос күйінде ішінара бүйрекпен шығарылады.

Кальций  пантотенаты (В5 витамині) асқазан-ішек жолында жеңіл сіңеді және бауырда, жүректе және бүйректе жиналады. Негізінен несеп арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Құрамында В тобының витаминдері және аскорбин қышқылы бар біріктірілген поливитаминді препарат. Фармакологиялық әсері препараттың құрамына кіретін  витаминдердің қасиетінен туындаған. 

Тиамин (В1 витамині) адам организмінде фосфорлану процессінің нәтижесінде кокарбоксилазаға айналады, ол көптеген ферменттік реакциялардың коферменті болып табылады. Тиамин көмірсу, ақуыз және май алмасуында маңызды рөл атқарады. Ол синапстардағы жүйкелік қозуды өткізу үдерістеріне белсене қатысады. В1 витаминінің тапшылығы сүт және пирожүзім қышқылдарының жиналуына әкеледі, соның нәтижесінде полиневриттер, бери-бери ауруы, Вернике энцефалопатиясы және Корсаков синдромы, полиневропатиялар, жүрек қызметінің бұзылуы, асқазан-ішек зақымданулары (жаралы колит, созылмалы іш өту) дамуы мүмкін. 

Пиридоксин (В6 витамині)орталық және шеткергі жүйке жүйесінің қалыпты қызмет етуіне қажет. Фосфорланған түрде аминқышқылдардың метаболизміне қатысатын кофермент болып табылады (декарбоксилдену, переаминдену және т.б.).

Жүйке жүйесіндегі әсер ететін маңызды ферменттердің коферменті ретінде болады.

Нейромедиаторлардың: допамин, норадреналин, адреналин, серотонин, гистамин және гамма-аминобутир қышқылы  биосинтезіне қатысады. В6 витаминінің тапшылығы тамақпен бірге  жеткіліксіз мөлшерде қабылдағанда, ішекте сіңуі бұзылғанда, оның антагонистері болып табылатын дәрілерді қабылдағанда, сәулелік ем қабылдағанда дамуы мүмкін. Жеткіліксіздік симптомдары  себорея тәрізді көз бен мұрынның айналасының зақымдануы, глоссит, стоматит; шеткергі неврит, құрысулар (гамма-аминмай қышқылының концентрациясы төмен болғандықтан), өте сирек анемия болып табылады.

Цианокобаламин (В12 витамині) қалыпты қан түзілуі үшін және эритроциттердің жетілуі үшін қажет, сондай-ақ ол организмнің тіршілігін қамтамасыз ететін бірқатар биохимиялық реакцияларға - метильді топтардың тасымалдануына, нуклеин қышқылдары мен ақуыздарының синтезіне, аминқышқылдарының, көмірсулардың, липидтердің алмасуына қатысады. Жүйке жүйесіндегі үдерістерге әсер етеді (РНҚ, ДНҚ, миелиннің синтезі және цереброзидтер мен фосфолипидтердің липидтік құрамы).  Цианокобаламиннің коферменттік түрлері – метилкобаламин және аденозилкобаламин жасушалардың репликациясына және өсуіне қажет. В12 витаминінің тапшылығы гемопоэздық және жүйке жүйелері тарапынан пайда болған симптомдармен білінеді. Гемопоэз нәтижесіз болады, эритропоэз мегалобластты болып, ал ауыр жағдайларда панцитопения дамиды. Жүйке жүйесінде демиелинизация, жұлын және ми қыртысындағы нейрондардың өлуі сияқты  қайтымсыз зақымдар пайда болуы мүмкін, олар аяқ-қолдардың парестезияларымен, жүріс-тұрыстың тұрақсыздығымен, кейбір рефлекстердің бұзылуымен және кештеу сатысында – психикалық шатасу, галлюцинациялармен, көңіл-күйдің тез ауысуымен, естен айрылуымен, көрмей қалумен және психозбен білінеді.

Рибофлавин (В2 витамині) – жасушалық тыныс алу үдерістері және көру арқылы қабылдаудың маңызды катализаторы. Организмге түскенде рибофлавин аденозинтрифосфор қышқылымен өзара әрекеттеседі де,   флавин-мононуклеотид және флавинадениннуклеотид түзеді. Соңғылары  флавинпротеиндердің простетикалық топтары (коферменттері) болып табылады, сутегінің ауысуына және тотығу-тотықсыздану үдерістерінің реттелуіне қатысады. Рибофлавин көмірсу, ақуыз және май алмасуы  процестеріне қатысады; ол сонымен қатар көздің қалыпты көру қызметін демеуде әрі гемоглобин синтезінде маңызды рөл атқарады. Тағамда В2 витаминінің құрамы төмен болса немесе мүлдем болмаса адамда  гипорибофлавиноз, содан соң арибофлавиноз пайда болады. Гипорибофлавинозда тәбеттің төмендеуі, дене салмағының төмендеу, әлсіздік, бас ауыруы, терінің шымылдату сезімі, көздің ашуы,  қараңғыда көрудің бұзылуы, езудің және төменгі еріннің ауыруы. Ауру дамығанда езуде сызаттар мен қабыршықтар пайда болады (былайша айтқанда бұрыштық   стоматит), тіл құрғайды, ашық-қызыл түске боялады, мұрын мен еріннің қыртысында  себореялы дерматит дамиды; жарықтан қорқу, конъюнктивит, блефарит пайда болады. Асқазанның сөлініс қызметін біршама арттырады (асқазан сөлінің тұз қышқылы түзілуіне қатысады), өт бөлінуін жақсартады, аш ішекте көмірсулар сіңуін жеңілдетеді, ішектің қалыпты микрофлорасын демеу үшін қажет.

Никотинамид (РР немесе В3 витамині) тіндік тыныс алу процестеріне, май, көмірсулар, аминқышқылдары метаболизміне қатысады.

Кальций пантотенаты (В5 витамині) А коэнзимінің құрамдас бөлігі ретінде көмірсулар және майлардың  ацетилдену және тотығу  үдерістерінде, өт қышқылдары синтезінде, гормондар синтезінде маңызды рөл атқарады.

Фолий қышқылы (Вс витамині) эритропоэзге, көмірсулар метаболизміне, жасушалардың бөліну және өсу үдерістеріне қатысады. Фолий қышқылының жеткіліксізді қан түзудің мегалобласттық фазасының нормобласттыққа ауысуын тежейді де,  мегалобласттық анемияға әкеп соқтырады.

Аскорбин қышқылы (С витамині)  тотығу-тотықсыздану үдерісін реттеуде маңызды рөл атқарады, коллаген синтезін қамтамасыз етеді, фолий қышқылының метаболизміне, сондай-ақ стероидты гормондар және катехоламиндер  синтезіне қатысады. Сүйектер мен тістер қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Организмнің темір, бета-каротин және Е витамині, кальцийді сіңіруіне ықпал етеді. Қан ұйығыштығын, тамырлардың өткізгіштігін реттеуге қатысады, қан түзілуін көтермелейді. С витамині – өте

күшті антиоксидант, ол сау жасушалардың зақымдануын туындататын бос радикалдардың әсерін әлсіретеді. Бос радикалдар зат алмасудың  жағымсыз өнімі болып табылады. С витамині организмнің қоршаған ортаның  жағымсыз  факторларына төзімділігін арттырады.  Сонымен қатар  организмнің қарсыласуын арттырып, вирусты және бактериялық жұқпалардың алдын алады, гистамин  концентрациясы (қабыну медиаторлары) төмендеуінің арқасында конъюнктиваның қызаруы және жас ағуы, мұрынның бітелуі сияқты суық тию симптомдарын жеңілдетеді. С витамині ой, денемен жұмыс істеу қабілетін арттырады және негізгі алмасуды белсенділендіреді.

Қолданылуы

Мына аурулар мен жағдайларды кешенді емдеуде:

  • астениялық синдром, созылмалы шаршағыштық синдромы, стресс, вегето-қантамырлық дистония, энцефалопатия, остеохондроз, неврит, полиневрит, шеткі салдану, радикулит, люмбаго, ишиас, невралгия, орталық генезді спастикалық жағдайлар, миастения, орталық жүйке жүйесінің жарақаттық зақымдары, полинейропатияларда (диабеттік, алкогольдік, уытты, дәрілік)
  • созылмалы қан айналым жеткіліксіздігі, миокардит, миокардиодистрофия, өткерген жүрек – қан тамыр ауруларынан кейінгі қалпына келу кезеңі
  • гепатит, бауыр циррозы, созылмалы панкреатит, асқазан-ішек жолдары функцияның бұзылуында
  • қант диабеті және оның асқынулары, қалқанша безінің ауруларында
  • нейродермит, экзема, безеулер, шығу тегі әр түрлі дерматиттер, белдемелі  теміреткіде
  • көздің тор қабығындағы қан айналымның бұзылуы, миопия, астигматизм, амблиопия, глаукома, диабеттік ретинопатия, макулодистрофия, көру жүйкесінің невриті, катарактада
  • есту жүйкесінің невриті, сенсоневральды құлақ мүкістігі, лабиринтопатияларда
  • етеккір оралымының бұзылуы, мастопатиялар, жатыр миомасының консервативті емі, сальпингоофорит, эндометритте
  • иммунитет төмендегенде, жедел жұқпалы ауруларда

Қолдану  тәсілі  және дозалары

Ересектерге күніне 1 рет 1 капсуладан. Емдеу ұзақтығы жекелей анықталады. Капсуланы тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін қабылдайды. Емдеу курсы – 1 ай.

Жағымсыз  әсерлері

  • жүрек айнуы
  • тахикардия
  • қышыну, есекжем

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
  • жедел тромбоэмболия
  • эритроцитоз және эритремия
  • 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара  әрекеттесуі

Неуробекс® Нео және леводопаны бірге қабылдағанда леводопаның паркинсон ауруына қарсы тиімділігінің төмендеуі байқалады. Этанолмен бірге қабылдағанда тиаминнің сіңірілуі төмендейді (қандағы деңгейі 30%-ға дейін азаюы мүмкін). Неуробекс® Неомен бірге құрысуға қарсы препараттармен (фенобарбиталмен, фенитоинмен, карбамазепинмен) ұзақ уақыт бойы емделу тиамин тапшылығына алып келуі мүмкін. Неуробекс® Неоны колхицинмен немесе бигуанидтермен бір мезгілде қолданғанда цианокобаламиннің сіңірілуі төмендейді.    

Айрықша нұсқаулар

Қалпына келмейтін жүрек жеткіліксіздігінің ауыр және жедел түрлерімен және стенокардиясы бар науқастарда препаратты аса сақтықпен қолдану қажет.

Неуробекс® Неоны қабылдап жүрген кезде басқа поливитаминді препараттарды қабылдау ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Неуробекс® Нео препаратын  жүктілік және лактация кезеңінде қабылдау туралы мәселені клиникалық жағдайға байланысты жекелей  шешіледі. 

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері      

Препарат көлік жүргізуге және техникамен жұмыс істеуге әсер етпейді.

Артық  дозалануы

Белгілері: жүйке қозуы, тахикардия, жүрек тұсының ауыруы.

Емі:  асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді енгізу, белгілеріне қарай дәрілерді қолдану. Изониазид В6 витаминінің у қайтарғысы болып табылады. 

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 капсуладан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салады.

3 немесе 6 пішінді қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге қартон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. 

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау  мерзімі

3 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ПТ Актавис Индонезия

ДжЛ. Рая Богор Км. 28, Джакарта, 13710, Индонезия

Тіркеу куәлігінің иесі

ПТ Актавис Индонезия

ДжЛ. Рая Богор Км. 28, Джакарта, 13710, Индонезия

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қаласындағы Актавис Интернешнл Лтд өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ-сы, Мұқанов к-сі, 241-1А.

Тел./факс: 8 (727) 313 74 30, 313 74 31;

Электронды поштасы: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com

Жаналыктар

Картадағы дәріханалар

Бейне баян

NPS-KZ-00089