Жаңалықтарға жазылу керек па?

Сіз сәтті жазылдыңыз!

ТОО «ратиофарм Казахстан»
Тел : + 7 (727) 325 16 15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
тел.: +7 (727) 325-16-15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
Артқа
Нейрорубин™-Форте Лактаб™
Инструкции

Инструкции

Саудалық атауы

Нейрорубин™-Форте Лактаб™

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.  

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 200 мг тиамин мононитраты (В1  витамині)                   

50 мг пиридоксин гидрохлориді (В6витамині)           

1 мг цианокобаламин   (В12  витамині),

қосымша заттар:    маннитол, ұнтақ тәрізді целлюлоза,  микрокристалды целлюлоза,  желатинделген  крахмал, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, метилцеллюлоза  

үлбірлі қабық құрамы:  гипромеллоза,  макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е 171), эритрозин (Е127).

Сипаттамасы

Қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған дөңгелек, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «ТР» жазуы бар таблеткалар.    

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. В1 витамині және оның В6 және В12 витаминдерімен  біріктірілімі

АТХ коды    А11DB  

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тиамин мононитраты1 витамині)  пероральды түрде енгізгеннен кейін  он екі елі ішекте және жіңішке ішекте резорбцияланады. Бауырда елеулі дәрежеде метаболизденеді және оның негізгі метаболиттері тиаминкарбон қышқылы және пирамин (2,5-диметил-4-аминопиридимин) болып табылады. Метаболиттер өзгеріске ұшырамаған тиаминнің аздаған мөлшерімен бірге ішек және бүйрек арқылы шығарылады.   

Пиридоксин гидрохлоридівитамині) ішектен тез сіңеді. Бауырда метаболизденіп, фармакологиялық белсенді метаболиттер пиридоксальфосфат  пен пиридоксаминфосфат түзеді. В6 витамині  5-күйде   СН2ОН-тобының фосфорлануынан кейін коэнзим ретінде, яғни пиридоксаль-5-фосфаттын (PALP) түзу функциясын атқарады. PALP-нің 80%-ға жуығы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады.   Пиридоксин көбіне бұлшықеттерде, бауырда және ОЖЖ-де жиналады. Пиридоксин метаболизмінің соңғы өнімі 4-пиридоксил қышқылы болып табылады, ол организмен бүйрек арқылы шығарылады. 

Цианокобаламин12 витамині). Цианокобаламиннің негізгі мөлшері «Кастлдің ішкі факторымен» байланысқаннан кейін сіңіріледі. В12 витамині көбіне бауырда жиналады. Қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңі  шамамен 5 күнді, бауырдан шамамен  1 жылды құрайды. Организмнен негізінен өтпен бірге және несеппен бірге шығарылады.   

Фармакодинамикасы

В тобының витаминдері ақуыздық, липидтік және көмірсулық метаболизмді реттейтін ферменттік жүйенің компоненттері болып табылады. В тобы витаминдерінің әрқайсысы спецификалық биологиялық рөл атқарады. Олардың организмде теңдестірілген мөлшерде болуы зат алмасудың қалыпты болуы үшін қажет.  

Нейрорубин™-Форте Лактаб™ - құрамында емдік дозадағы В тобының нейротроптық 3 витамині үйлестіріліп біріктірілген  препарат.  Препараттың белсенді компоненттері – В1, В6, В12  витаминдері қозуды жүйке талшықтарымен берілуін, зат алмасуды, жүйке жүйесінде медиаторлардың метаболизмін  қамтамасыз ететін биохимиялық үдерістерге қатысады. Организмнен негізінен өтпен және несеппен бірге шығарылады.

Тиамин, жүйке жасушаларының жарғақшаларында орналасқан,  жүйке импульсінің өтуіне қатысады, жүйке тіндерінің регенерациясын жақсартады. Қанда В1 витаминінің жоғары концентрацияларын жасаған кезде анальгетикалық әсердің дамуына мүмкіндік береді.   

Пиридоксин жүйке тіндерінің құрылысы мен функциясына ықпалын тигізіп, ең алдымен, амин қышқылдарының метаболизмін реттейді, ол нейротроптық  у – аммиактың жиналып қалуына кедергі жасайды. Әртүрлі медиаторлардың: катехоламиндердің, гистаминнің, ГАМК-нің синтезіне қатысады, алмасу, атап айтқанда энергетикалық үдерістерде және жүйке жүйесі қызметінде маңызды рөл атқаратын магнийдің жасушаішілік қорын арттырады.   

Цианокобаламин  нуклеин алмасуды стимуляциялайды, сөйтіп,  гемопоэзді демеуге қатысады, сондай-ақ нейрогендік  ноцицепцияны азайтады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

  • жедел немесе созылмалы невритте, полиневритте
  • невралгияда
  • нейропатияда және  полинейропатияда  (диабеттік, алкогольдік және басқа)
  • дәрілік препараттармен уыттанғанда

Қолдану тәсілдері және дозасы

Ішке, тамақтануға дейін немесе тура тамақтану кезінде, шайнамай, судың жеткілікті мөлшерімен  ішіп қабылдайды. Ересектерге тәулігіне 1-2 таблеткадан қабылдау ұсынылады.

Емделу курсы  4 аптаны құрайды.  Емдеудің қайталанған курстарын жүргізу мүмкіндігін емдеуші дәрігер әр адамға жекелей шешеді.    

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • аллергиялық  реакциялар (қышыну, есекжем, тыныстың тарылуы,  Квинке ісінуі, анафлактикалық шок)      
  • пролактиннің бөлініп шығуы тежеледі.
  • жүректің айнуы, асқазан-ішектік қан кетулер, қан плазмасында глютаминқымыздықсіркетрансаминаза белсенділігінің жоғарылауы
  • үрейлену сезімі, «тамақтың түйілуі», тремор, кенеттен болатын тершеңдік, әлсіздік сезімі, бас айналу, мазасыздық  
  • безеу бөртпесі
  • дене температурасының жоғарылауы, бет гиперемиясы

Жекелеген жағдайларда

  • тахикардия, коллапс, цианоз, өкпенің ісінуі
  • ұзақ уақыт жоғары (күніне >500 мг) дозаларда шеткергі сенсорлы нейропатия пайда болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • сыртартқысында аллергиялық диатез
  • псориаз  
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен  жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пиридоксин гидрохлориді L-дофаминнің (леводопа) декарбоксилденуін стимуляциялайтын және осы препараттың белсенділігін азайтуы мүмкін болғандықтан, Паркинсон ауруы бар емделушілерді емдеген кезде, осы препараттарды бір мезгілде қолдануға жол бермеу қажет.  Тиосемикарбазон  және 5-флуоурацил   В1 витаминінің тиімділігін, оның антагонисі бола отырып, азайтады. Препарат ісікке қарсы дәрі альтретаминнің тиімділігін азайтуы, изониазидтің уытты әсерін арттыруы мүмкін. Антацидтер  В1 витаминінің сіңуін баяулатады.

Айрықша нұсқаулар

Жүрек функциясының жеткіліксіздігінің  декомпенсацияланған түрі және стенокардиясы бар емделушілерде  сақтықпен  қолданған жөн.   

Сирек жағдайларда   В6 витаминінің шамадан тыс күн сайынғы  (5 айдан астам бойы  500 мг немесе  одан да жоғары)  дозалары   шеткергі сенсорлы нейропатияға әкеп соқтырады, ол әдеттегідей,  препаратты қабылдап болғаннан кейін жоғалады.  

В12  витаминін, ауру симптомдары нашарлайтын болғандықтан, псориазы бар науқастарға қолдануға болмайды. 

Пиридоксин гидрохлориді безеу бөртпенің пайда болуын өршітуі мүмкін.    

Көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері    

Сирек жағдайларда препаратты қолданған кезде бас айналу, әлсіздік, мазасыздық және басқалар пайда болуы мүмкін екендігін ескеріп, көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақ болу қажет.    .

Артық дозалануы

Симптомдары: сенсорлы нейропатия, препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі    

Емі: препаратты тоқтату керек, құстыру немесе асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау керек.  Симптоматикалық ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. Пішінді ұяшықты 2 қаптама қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.   

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде,   25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші   

Acino Pharma AG, Aesch BL, Швейцария

Тіркеу куәлігінің иесі 

Teva Pharmaceutical Industries Limited, Израиль

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның  мекенжайы:   

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19,

«Нұрлы Тау» БО 1 Б,   603 кеңсе

Телефон, факс: (727) 311-09-15; 311-07-34 

E-mail: Safety.Kazakhstan@tevapharm.com

Жаналыктар

Картадағы дәріханалар

Бейне баян

NPS-KZ-00089