Жаңалықтарға жазылу керек па?

Сіз сәтті жазылдыңыз!

ТОО «ратиофарм Казахстан»
Тел : + 7 (727) 325 16 15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
тел.: +7 (727) 325-16-15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
Артқа
Ново-Пассит®
Ново-Пассит®
Ішуге арналған ерітінді
Инструкции
Картадағы дәріханалар
Бейне баян

Инструкции

Саудалық атауы

Ново-Пассит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

1 таблетканың құрамында

белсенді заттар:

Ново-Пассит құрғақ сығындысы – 157.5 мг(дәрілік шүйгіншөп, дәрілік жаужапырақ, шілтерлі шайқурай, кәдімгі долана, инкарнат пассифлорасы (страстоцвет), кәдімгі құлмақ, қара ырғай));

Гвайфенезин – 200 мг

қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристаллды целлюлоза, глицерол трибегенаты, магний стеараты, лактоза моногидраты

қабығы: жасыл опадри «АМВ 80W31115» (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), тазартылған тальк, лецитин, ксантан шайыры, хинолинді сары (Е 104), индикокармин Е 132, темірдің сары тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, сызығы бар ашық-жасыл түсті қабықпен қапталған таблеткалар. 

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер.

АТХ коды N05СМ

Фармакологиялық қасиеттері

Ново-Пассит - құрамында дәрілік өсімдіктердің кешенді сығындысы (дәрілік шүйгіншөп, дәрілік жаужапырақ, шілтерлі шайқурай, кәдімгі долана, инкарнат пассифлорасы (страстоцвет), кәдімгі құлмақ, қара ырғай) мен гвайфенезин бар негізінен тыныштандыратын әсер беретін біріктірілген препарат.

Ново-Пассит құрамында тыныштандыратын әсерге ие   табиғи биологиялық белсенді заттармен (өсімдіктің жиынтық сығындысы) анксиолитиктердің (бұл жайдайда - гвайфенезин) синергизмдік әсері пайдаланылады.

Галендік компоненттердің уытсыздандыратын әсері, ырғай мен шайқурайдың - диурездік, шайқурай, долана және жаужапырақтың – өт жүргізетін, ырғайдың - жеңіл терлеткіш  әсерімен қамтамасыз етіледі және синтетикалық ингредиенттердің теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Үрейлік жағдай және қорқыныш кезінде жоғары тиімділік иеленген гвайфенезинді экстракт жиынтығына енгізу нәтижесінде оның анксиолитиктік әсері жүзеге асады. 

Гвайфенезин асқазан-ішек жолында жылдам сіңеді, бауырда метоболизденеді, глюкурон қышқылымен байланысады және негізінен несеппен белсенділігі жойылған метоболиттер түрінде шығарылады. Биологиялық жартылай ыдырау кезеңі - шамамен 1 сағат.

Қолданылуы

  • ашушаңдықпен, үреймен, қорқынышпен, шаршаумен, ұмытшақтықпен қатар жүретін неврастения мен невроздық реакцияларда
  • «менеджер синдромында» (үнемі психикалық ширығу жағдайында)
  • ұйқысыздықта (жеңіл түрлері)
  • жүйке ширығуынан болатын бас ауыруларында
  • бас сақинасында
  • АІЖ функциялық ауруларында (диспепсиялық синдром, «тітіркенген ішек» синдромы)
  • нейроциркуляторлық дистония және климакстық синдром кезінде симптоматикалық дәрі ретінде
  • қышытатын дерматоздарда (атопиялық және себореялық экзема, есекжем)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ново-Пассит 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет қабылданады. Қажет болса, тәуліктік дозаны тәулігіне 3 рет 2 таблеткаға дейін арттыруға болады. Қалаусыз мәңгіру пайда болған жағдайда таңертеңгі және күндізгі дозаларын ½ таблеткаға, ал кешкілік дозада 1 таблетканы қабылдау қажет. Дозалануын пациенттің реакциясына қарай өзгертуге болады. Препарат қабылдау арасындағы аралық 8 сағат болуы тиіс.

Ново-Пассит таблеткаларын сусындармен бірге қабылдаған дұрыс (шай, шырын). Асқазан-ішек жайсыздығы немесе жүрек айну сезімі пайда болған жағдайда препаратты тамақпен бірге қабылдаған жөн. 

Жағымсыз әсерлері

  • бас айналу
  • шаршағыштық, ұйқышылдық
  • аллергиялық реакциялар, экзантема
  • жүрек айну, құсу, түйілулер, қыжыл, диарея, іш қату
  • зейінділіктің төмендеуі

Барлық жағымсыз әсерлердің белгілері препаратты тоқтатқаннан кейін тез жоғалады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне, әсіресе гвайфенезинге жекеше жоғары сезімталдық
  • миастения
  • эпилепсия
  • 18 жасқа дейінгі балалар

Айрықша нұсқаулар

Препаратты асқазан-ішек жолының жедел ауруларында, бауыр функциясының күрделі бұзылуларында, ОЖЖ интоксикациясы кезінде абайлап қолдану керек.

Емделу кезінде алкогольді ішімдіктер тұтынуға болмайды.

Сирек кездесетін тұқым қуалаған галактоза көтере алмаушылығы, туа біткен лактаза жеткіліксіздігі немесе  глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге препарат таблеткаларын қабылдауға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ново-Пасситті жүктілік және лактация кезеңінде қабылдау тек қана жедел қажеттілік және дәрігердің бақылауымен қолдануға болады.

Терісі ақ түсті пациенттерге препаратты қабылдау уақытында УК жарықтың (күн сәулесі ванналары, УК шамдар, солярий) қарқынды әсерінен аулақ болған жөн.  

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде жоғары зейінділікті және психомоторлық реакциялар жеделдігін талап ететін әлеуетті қауіпті қызмет түрлерін басқарудан тартына тұру қажет.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ново-Пассит® құрамына кіретін гвайфенезин ОЖЖ бәсеңдететін ықпалы бар заттардың, сондай-ақ этанолдың әсерін күшейтеді. 

Артық дозалануы

Симптомдары: басында - ұйқышылдық, жабырқау сезімі, кейінірек – жүрек айну, жеңіл бұлшықеттік әлсіздік, буындардың ауыруы, асқазанда ауырлық сезіну.

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем жүргізу. Арнайы антидоты жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 немесе 3 пішінді ұяқшықты қаптамадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

30, 60 немесе 100 таблеткадан бұрап жабылатын қақпағы және жапсырылған заттаңбасы бар полиэтилен құтыларға салынған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау  шарттары

25°C-ден аспайтын температурада түпнұсқалық қаптамада сақтау керек Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл 

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Тева Чех Кәсіпорны с.р.о.», Чех Республикасы

74770, Опава, Комаров, Остравска 29

Тіркеу куәлігінің иесі

«Тева Чех Кәсіпорны с.р.о.», Чех Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Казахстан» ЖШС

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19

Нұрлы Тау бизнес орталығы, 1 Б корпусы, 603 кеңсе

Тел, факс: (727) 311 09 15, 311 07 34

E-mail: Safety.Kazakhstan@tevapharm.com   

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Казахстан» ЖШС

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19

Нұрлы Тау бизнес орталығы, 1 Б корпусы, 603 кеңсе

Тел, факс: (727) 311 07 08

E-mail: Dina.Baimakova@tevapharm.com

Жаналыктар

Картадағы дәріханалар

Бейне баян

Инструкции
Картадағы дәріханалар
Бейне баян

Инструкции

Саудалық атауы

НОВО-ПАССИТ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: Ново-Пассит сұйық сығындысы(дәрілік шүйгіншөп, дәрілік жау-жапырақ, шілтер жапырақты шайқурай, кәдімгі долана, инкарнат пассифлорасы (страстоцвет), кәдімгі құлмақ, қара ырғай) - 7,75 г; гвайфенезин - 4,0 г 100 мл ерітіндіде.

қосымша заттар: натрий бензоаты, натрий цикламаты, ксантан шайыры, 50% инвертоза (фруктоза шәрбаты 50%), натрий сахарині моногидраты, 96% этанол, апельсин хош иістендіргіші 51941А, натрий цитраты дигидраты, мальтодекстрин, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сипаттамасы

Шәрбат тәрізді, өзіне тән иісі мен дәмі бар, қызыл-қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі мөлдір немесе сәл бұлыңғыр сұйықтық. Сақтау кезінде пайда болып, сілкігенде еритін жеңіл шөгіндінің пайда болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер.

АТХ коды N05СМ

Фармакологиялық қасиеттері

Құрамында дәрілік өсімдіктердің кешенді сығындысы мен гвайфенезин бар біріктірілген препарат. Дәрілік өсімдіктерден алынған сығынды негізінен седативті (тыныштандыратын) әсер көрсетеді, гвайфенезин анксиолиттік (үрейге қарсы) әсер иеленген. Қорқыныш сезімін, психоэмоциялық ширығуды жояды. Миорелаксациялайтын әсерімен сипатталады.

Гвайфенезин асқазан-ішек жолында жылдам сіңеді, бауырда метоболизденеді, глюкурон қышқылымен байланысады және негізінен несеппен белсенділігі жойылған метоболиттер түрінде шығарылады. Биологиялық жартылай ыдырау кезеңі - шамамен 1 сағат.

Қолданылуы

  • ашушаңдықпен, үреймен, қорқынышпен, шаршаумен, ұмытшақтықпен қатар жүретін неврастения мен невроздық реакцияларда
  • «Менеджер синдромында» (үнемі психикалық ширығу жағдайында)
  • ұйқысыздықта (жеңіл түрлері)
  • жүйке ширығуынан болатын бас ауыруларында
  • бас сақинасында
  • АІЖ фунционалдық ауруларында (диспепсиялық синдром, «тітіркенгіш ішек» синдромы)
  • нейроциркуляторлық дистония және климактериялық синдром кезінде симптоматикалық дәрі ретінде
  • қышытатын дерматоздарда (атопиялық және себореялық экзема, есекжем)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ново-Пассит® 5 мл ерітіндіден (1 шай қасық) тәулігіне 3 рет қабылданады. Қажет болса, тәуліктік дозаны тәулігіне 3 рет 10 мл дейін арттыруға болады. Жайсыз мәңгіру пайда болған жағдайда таңертеңгі және күндізгі дозаларының жартысын азайтумен 2,5 мл, ал кешкілік 5 мл қабылдау қажет. Дозалануын емделушінің реакциясына қарай өзгертуге болады. Препарат қабылдау арасындағы аралық 8 сағат болуы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда мынадай қолайсыз реакциялар пайда болуы мүмкін: бас айналу, шаршау, ұйқышылдық, аллергиялық реакциялар, экзантема, асқазан-ішек жолының бұзылыстары (жүрек айну, құсу, түйілулер, қыжыл, диарея, іш қату), зейін шоғырландырудың төмендеуі, бұлар препаратты тоқтатқаннан кейін басылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне, әсіресе гвайфенезинге жекеше жоғары сезімталдық
  • миастения, эпилепсия
  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Айрықша нұсқаулар

Препаратты асқазан-ішек жолының жедел ауруларында абайлап қолдану керек.

Ішуге арналған ерітінді құрамында 9% этанол ерітіндісі және 10,3% глюкоза бар. Қант диабеті бар емделушілер Ново-Пасситті® емдеуші дәрігердің бақылауымен қабылдауы тиіс. Препараттың бір дозасының (5 мл) құрамында 481 мг этанол бар. 

Емделу кезінде алкогольді ішімдіктер тұтынуға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ново-Пасситті ® жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор қызмет түрлерін басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялар жеделдігін талап ететін автокөлікті және қауіптілігі зор қызмет түрлерін басқарудан тартына тұру қажет.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ново-Пассит® құрамына кіретін гвайфенезин ОЖЖ-не бәсеңдету ықпалын тигізетін заттардың, сондай-ақ этанолдың әсерін күшейтеді. 

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, жабырқау сезімі, кейінірек – жүрек айну, жеңіл бұлшықеттік әлсіздік, буындардың ауыруы, асқазанда ауырлық сезіну.

Емі: асқазанды шаю, белгілеріне қарай ем жүргізу. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100, 200 және 450 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын жасыл түсті пластмасса қақпақпен тығындалған күңгірт шыныдан жасалған құтыларда.

1 құтыдан өлшеуіш қалпақшасымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.   

Сақтау  шарттары

10°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

100 мл, 200 мл, 450 мл қаптама – 4 жыл 

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Тева Чех Өндірістері с.р.о.», Чех Республикасы

Остравска 29,74770 Опава, Комаров

Тіркеу куәлігінің иесі

«Тева Чех Өндірістері с.р.о.», Чех Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Тева Чеш Индастриез» компаниясының ҚР өкілдігі

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,

Нұрлы Тау бизнес орталығы 1 Б, 603, 604 кеңсе

Телефон, факс: (727) 311-09-15; 311-07-34

Жаналыктар

Картадағы дәріханалар

Бейне баян

NPS-KZ-00089