Жаңалықтарға жазылу керек па?

Сіз сәтті жазылдыңыз!

ТОО «ратиофарм Казахстан»
Тел : + 7 (727) 325 16 15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
тел.: +7 (727) 325-16-15
е-mail: info.tevakz@tevapharm.com
Артқа
Троксевазин®
300 мг капсулалар
Троксевазин®
Сыртқа қолдануға арналған 2% гель
Инструкции

Инструкции

Саудалық атауы

Троксевазин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Троксерутин

Дәрілік түрі

300 мг капсулалар,

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 300мгтроксерутин

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты

қатты желатинді капсуланың құрамы: сары хинолин (Е104), сары сансет  (E110),  титанның қостотығы (Е171), желатин.

Капсула қақпағының құрамы: сары хинолин (Е104), сары сансет  (E110), титанның қостотығы (Е171), желатин

Сипаттамасы

Қатты цилиндрлі желатинді капсулалар №1, корпусы мен сары түсті қақпақшасы бар.

Капсуланың ішінде – сарыдан сарғыш-қоңыр түске дейінгі ұнтақ, басқан кезде ыдырап кететін конгломераттардың болуына жол беріледі. 

Фармакотерапиялық тобы

Капиллярлардың өткізгіштігін төмендететін препараттар.

Биофлавоноидтар. Троксерутин

АТХ коды C05СА04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішке қабылдағаннан кейін аcқазан-ішек жолынан (АІЖ) жылдам сіңіріледі, гистогематиялық бөгеттен жеңіл өтеді. Троксерутиннің плазмадағы ең жоғары концентрациясы 2 сағаттан кейін байқалады, қан плазмасындағы емдік концентрациясы 8 сағат бойы тұрады.  

Метаболизмі

Бауырда 2 метаболит түзе отырып, метаболизденеді.

Шығарылуы

Жартылай шығарылу кезеңі - 24 сағатқа жуық. Троксерутин көбінесе өтпен шығарылады, тек аз ғана бөлігі несеппен шығарылады. Қан-ми бөгеті арқылы өтпейді. Плацентарлық бөгет арқылы енуі шамалы ғана, аз ғана мөлшерде      емшек сүтімен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Венозды қан айналымы бұзылғанда қолданылатын препарат, биофлавоноид. Ол капиллярлардың өткізгіштігін және сынғыштығын төмендетеді, антиоксидантты, ісінуге қарсы, вена тонусын күшейтетін, ангиопротекторлық және қабынуға қарсы әсер береді. Созылмалы веноздық жеткіліксіздігінен туындайтын ісінуді, ауру сезімін, трофикалық бұзылуларды және басқа да патологиялық өзгерістерді   азайтады. Троксевазин капиллярлардың тұрақтылығын жоғарылататын әсер көрсетеді және веналардың тамыр қабырғалары өткізгіштігін төмендете отырып, гистаминнің, брадикининнің, ацетилхолиннің венаны дилатациялайтын әсерлерін бөгейді. Вена айналасындағы тіндердің қабынуына қарсы әсер етеді, капиллярлар тонустық белсенділігін және антиагреганттық әсерді иеленген. Варикозды веналар дамығанда функциялары үнемі өзгеріп отыратын қантамырлардың қабырғаларына жағымды әсер етіп, Троксевазин созылмалы веноздық жеткіліксіздік барысын жақсартады және оның асқынып кетуінің алдын алады. Препарат тотығу-тотықсыздану үдерісіне, гиалуронидазаның тежеуіне және антиоксидантты белсенділігінің дамуына  қатысады. Антиоксидант ретінде әсер етіп, аскорбин қышқылының және адреналиннің тотығуының алдын алады, липидтердің асқын тотығуын тежейді. Тромбоциттердің агрегациясын тежейді. Варикозды синдром кезінде трофикалық бұзылыстардың азаюына ықпал етеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

  • варикоз алды және варикозды синдромдар
  • беткейлік тромбофлебит, флебит, перифлебит және флебиттен кейінгі синдром
  • созылмалы веноздық жеткіліксіздік
  • веналардың варикозды кеңеюі кезіндегі трофикалық бұзылыстар 
  • геморрой
  • ретинопатия
  • контузияларды, созылуларды, шығып кетулерді, бұлшықеттердің ауыруларын біріктіріп емдеу
  • жарақаттан және венаның варикозды кеңеюі кезінде пайда болатын ауыру сезімі мен ісінулер, варикозды дерматит

Қолдану тәсілі және дозалары

Троксевазин® капсулалары тамақтанғанда ішке қабылданады.

Әдеттегі дозасы – күніне 2 капсуладан. Емдеу симптомдары мен ісінулер басылғанға дейін, әдетте 2 апта, жалғасады. Демеуші ем ретінде – күніне 1 капсуладан 3-4 апта бойы. Бұл емді Троксевазин® гелін қолданғанда біріктіруге болады.  

Троксевазинмен® емдеудің нәтижелі болуы оны қабылдаудың тұрақтылығына,  дұрыс  дозалануы мен емнің ұзақтығына байланысты. Клиникалық тәжірибе  көрсеткендей, кейде қажетті  әсері тәуліктік доза 600 мг артық болғанда  байқалады.

Ең жоғары тәуліктік доза 900 мг (күніне 3 рет 1 капсуладан) құрайды.

Жіберіп алған қабылдаудың орнын толтыру үшін көрсетілген дозадан жоғары мөлшерде қабылдауға болмайды. 

Жағымсыз  әсерлері

Жағымсыз құбылыстардың жалпы жиілігін плацебодағымен салыстыруға болады.

Жағымсыз реакцияның туындау жиілігі былайша бағаланады: "өте жиі"  - > 1/10, "жиі" – > 1/100-ден  < 1/10 дейін, "кейде" – > 1/1000-ден < 1/100 дейін, "сирек" – > 1/10000-ден < 1/1000 дейін, "өте сирек" - < 1/10000.

Кейде

  • жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия
  • есекжем және қышыну

Сирек

  • бас ауыруы және ұйқының бұзылуы
  • АІЖ эрозивті-ойық жаралы зақымданулары 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • троксерутинге немесе қосымша заттардың қайсы біріне аса жоғары сезімталдық
  • жүктілік (1 триместр), лактация кезеңі
  • 18 жасқа дейінгі балаларға
  • лактоза жеткіліксіздігі, галактоземия немесе глюкоза-галактозалық  мальабсорбция синдромы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тамыр жақтаулары құрылымы мен өткізгіштігіне аскорбин қышқылының әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ауыр бауыр және өт қалтасы аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындайды.

Троксевазин®асқазанның шырышты қабығын тітіркендіретіндіктен, оны тамақтанғанда қабылдайды.

Құрамында бояғыш зат (Е110) болғандықтан, препаратпен емдеу аллергиялық реакцияларды, оның ішінде демікпені туындатуы мүмкін. Аспиринге сезімталдығы жоғары науқастарда аллергияның даму қаупі арта түседі. 

Жүктілік

Троксевазинді® жүктілік (ІІ және ІІІ триместрлер) кезінде анасы үшін күтілетін пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қатерден артық түскен жағдайда ғана қолданылады. 

Дәрілік заттардың көлікті жүргізу немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс  істеу  қабілетіне  әсер ету ерекшеліктері.       

Троксевазин®автокөлік құралы мен қозғалғыш механизмдермен жұмыс істеуді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық  дозалануы

Симптомдары – жағымсыз әсерлерінің күшеюі. 

Емі – симптоматикалық,  қажет болғанда перитонеальді диализ тағайындауға болады.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 капсуладан ПВХ үлбірден және баспалы алюминий фольгадан немесе ПВХ/ПВДХ және  баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

5 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. 

Сақтау шарттары

25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Балканфарма-Разград АД

Апрель көтерілісі бульвары, № 68

7200 Разград, Болгария

Тел. (+359 84) 660 999

Факс (+359 84) 634 272

E-mail: mainraz@actavis.bg

Тіркеу куәлігінің иесі

Балканфарма-Разград АД, Болгария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Актавис Интернешнл Лтд.» Алматы қ. өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Мұқанов к-сі, 241, 1-а кеңсе.

Тел./факс: 8 (727) 313 74 30, 313 74 31, 313 74 32;

Электрондық пошта: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com

Жаналыктар

Картадағы дәріханалар

Бейне баян

Инструкции

Инструкции

Саудалық атауы

Троксевазин®

Халықаралық  патенттелмеген атауы

Троксерутин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған  2% гель 

Құрамы

100 г гельдің құрамында

белсенді зат - 2 г троксерутин,

қосымша  заттар: карбомер, ЭДТА-ның динатрий тұзы, бензалконий хлориді, триэтаноламин, тазартылған  су.

Сипаттамасы

Сарыдан ашық-қоңыр түске дейінгі біртекті гель.

Фармакотерапиялық  тобы

Қылтамырлар өткізгіштігін төмендететін препараттар. Биофлавоноидтар.

АТЖ коды С05СА04

Фармакологиялық  қасиеттері

Фармакокинетикасы

Троксевазин® гелін жергілікті қолданған кезде препараттың құрамына кіретін белсенді зат гельдің құрамындағы суда еритін негізден оңай босап шығады және тері арқылы 30–60 минуттан соң сіңеді, ал теріастылық май қабатына – қабынған тіндерде жоғары концентрациясына жете отырып, бірнеше сағаттан кейін сіңеді.

Фармакодинамикасы

Троксевазин® – биофлавоноидтар жиынтығы, оның құрамында кем дегенде 95% троксерутин бар. Ол қылтамырлардың өткізгіштігін және сынғыштығын төмендетеді, көктамырлардың тегіс бұлшықеттерінің тонусын жоғарылатады, ісінуге қарсы әсер етеді, паравенозды тіндердің қабынуын жояды. Қылтамырлардың қабырғаларын тұрақтандырады және орташа антиагреганттық әсер көрсетеді. Тіндердің трофикасын жақсартады, көктамыр жеткіліксіздігіне байланысты ауыру сезімін және басқа да патологиялық белгілерді басады. Гистаминнің, брадикининнің, ацетилхолиннің вазодилатациялық әсерлерінің антагонисі болып табылады. Соған байланысты Троксевазин® көктамыр тонусын, қылтамыр протекторлық, экссудацияға қарсы және гемостатикалық әсерлерін көрсетеді. Антиоксиданттар түрінде әсер етіп, липидтердің асқын тотықты тотығуын тежейді.

Қолданылуы

  • көктамыр жеткіліксіздігінен болған аяқтың ауыруында және ісінуінде
  • көктамырлардың варикозды кеңеюінде
  • варикозды ойық-жараларда
  • беткейлік тромбофлебитте, перифлебитте
  • диабеттік микроангиопатияда
  • геморроидальді аурулардың кешенді емінде
  • сәулемен емдеуден пайда болған жағымсыз тамырлық әсерлерде
  • жарақаттан пайда болатын ауыруда және ісінуде, гематомаларда, шығып кетулерде, созылуларда, соғылуларда, бұлшықеттердің түйілуінде.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Гельді терінің зақымданған жеріне таңертең және кешке теріге толық сіңгенге дейін  жеңіл уқалай отырып жағу керек. Гельді  компресс жасау үшін де қолданады. Адекватты емдік нәтижеге жету үшін гельді ісінулер мен басқа да белгілер толық кеткенге дейін тұрақты қолдану керек. Одан кейін емдеуді үзе тұруға болады. Белгілер қайталанса емді қайта бастау керек. Емдеу курсын дәрігер тағайындайды

Егер препаратты қолданып жүрген кезде ауру белгілерінің айқындығы азаймаса, дәрігермен кеңесу керек. 

Жағымсыз әсерлер

Сирек

  • аллергиялық тері реакциялары  (есекжем, экзема, дерматит)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез келген компоненттерінің біріне  жоғары сезімталдықта
  • жүктіліктің I триместрінде
  • 15 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен  өзара  әрекеттесуі

Аскорбин қышқылының қантамырлары қабырғаларының құрылымына және өткізгіштігіне тигізетін әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Гельді терінің зақымданған жеріне жағады. Ашық жараларға, көзге және шырыш қабығына жағуға болмайды.

Препарат егде жастағыларға да қолданылуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңінде

Троксевазинді® жүктілікте (II және III триместрде) және лактация кезеңінде, егер ана үшін күтілген пайда ұрық пен бала үшін болуы мүмкін қауіптен артқан жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді. 

Артық дозаланғанда

Троксевазинді® сыртқа қолданған кезде артық дозалану қаупі жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий немесе ламинат сықпада 40 г препарат.

1 сықпа мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдалануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Балканфарма-Троян АД

Болгария, 5600, Троян қ-сы, “Крайречна” к-сі № 1

Тіркеу  куәлігінің  иесі

Балканфарма-Троян АД, Болгария

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Алматы қаласындағы «Актавис Интернешнл Лтд.» өкілдігі

Мұқанов к-сі 241, кеңсе 1-А

Тел.,факс: +7 727-313-74-30, 313-74-31;

Электронды поштасы: actavis@actavis.kz; сайт: www.actavis.com

Жаналыктар

Картадағы дәріханалар

Бейне баян

NPS-KZ-00089